Физика-математика мұғалімдеріне арналған олимпиада

2024 жылдың 16 наурызында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығымен бірлесе отырып №59 мектеп-лицейі базасында  физика-математика мұғалімдеріне арналған олимпиада өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – ұстаздардың беделін арттыру, кәсіби шеберлігін насихаттау, тәжірибе алмасу.

Олимпиадаға қатысушыларға «Астана дарыны» орталығы мен Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығының сертификаты табысталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Орталықтың диплом, грамоталарымен марапатталады.