«АСТАНА ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ АЙЫНДАҒЫ ІС – ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Интеллектуалдық олимпиадалар мен конкурстар

2023 жылдың маусым айында 8 іс-шара өткізілді, оның ішінде:3 халықаралық, 5 республикалық. Аталған іс –шараларға Астана қаласынан 34 оқушысы қатысып, 25 қатысушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды:

I орын – 7

II орын – 13

III орын – 5

2023 жылдың 29 мамыр – 04 маусым аралығында Өзбекстан республикасының Ташкент қаласында Аль-Хорезми атындағы математика пәнінен халықаралық олимпиадаөтті.

Аль-Хорезми атындағы математика пәнінен халықаралық олимпиадасына қатысатын Қазақстан командасының құрамында барлығы 4 қатысушы және арнайы шақырумен тағы 4 қатысушы  жолдама алған. Аталған олимпиадаға елордалық 6 оқушы қатысып, 6 оқушы да (I-2, II-4) жүлделі орындарға ие болды: I орын- 2 қатысушы (Дарынды ер балаларға арналған «Білім- инновация» лицей- интернаты (2)); II орын- 4 қатысушы NURORDA мектеп-лицейі (3), Дарынды ер балаларға арналған «Білім- инновация» лицей- интернаты).

2023 жылдың 2-6 маусым аралығында Павлодар облысында, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернат базасында Қ. Сәтбаев атындағы XI аймақтық олимпиада өтті. Олимпиадаға еліміздің 10 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан 7-8 сыныптардың 137 оқушысы қатысты. Астана қаласынан 11 оқушы қатысып, 2 оқушы (III-2) жүлделі орындарға ие болды: III орын-2 қатысушы (№82 «Дарын» мамандырылған лицейі, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі).

2023 жылғы маусым айының 09–13 күндері аралығында ХVІ республикалық математикалық «Бастау» турнирі Ш. Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының базасында ұйымдастырылып өтті.

Астана қаласы білім беру мекемелерінен аталған турнирдің қалалық кезеңі бойынша үздік шыққан №66 мектеп-лицейінің және Экономикалық лицейінің командалары қатысты. Турнирге 6 қатысушы қатысып, 11 қатысушы (I-4, II-5, III- 2) жүлделі орындарға ие болды: I орын- 4 қатысушы (Экономикалық лицей (4)); II орын-5 (№66 мектеп-лицейі (4), Экономикалық лицей); III орын-2 қатысушы (№66 мектеп-лицейі (4), Экономикалық лицей).

Берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған Экономикалық лицейінің командасы жалпыкомандалық І орын және №66 мектеп-лицейінің командасы жалпыкомандалық ІІ орын иеленді.

2023 жылдың 11-17 маусым күндері Өзбекстан республикасының Хива қаласында Әл-Беруний атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиадасыөтті.

Әл-Беруний атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиадасына қатысатын Қазақстан командасының құрамында барлығы 4 қатысушы жолдама алған. Астана қаласынан Смет Алихан дарынды ер балаларға арналған «Білім- инновация» лицей- интернатының оқушысы қатысып, күміс медель иегері атанды (ІІ-1).

2023 жылдың 16-20 маусым күндері Германия республикасының Гановер қаласында Еуропалық физика  пәнінен (EuPho) олимпиадасыөтті.

Еуропалық физика пәнінен (EuPho) олимпиадасына қатысатын Қазақстан командасының құрамында барлығы 5 қатысушы жолдама алған. Астана қаласынан 1 қатысушы, Маликов Амирғали Дарынды ер балаларға арналған «Білім- инновация» лицей- интернатының оқушысы қатысып, күміс медель иегері атанды. (ІІ-1)

2023 жылдың 26-28 маусым күндері Алматы қаласында V Республикалық «Абайтану» олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Астана қаласының білім беру мекемелерінен 4 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша №87 мектеп-гимназиясының оқушылары Арғынбаева Ұлпан І- орын, Асембаева Меруерт ІІ-орын иегері атанды (І-1, ІІ-1)

«Мағжан оқулары» 2023 жылдың 23-25 маусым аралығында Петропавл қаласында өтті. Астана қаласынан 2 оқушы қатысып, екеуі де жүлделі орынға ие болды. Олардың бірі елордалық № 52 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы –Назалы Ахан «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша ІІІ орынға қол жеткізсе, екіншісі № 26 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы–Нұрсая Нарбай «Өлең–менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын иеленді. (ІІ-1, ІІІ-1)

2023 жылдың маусым айының 29 және шілде айының 02 күндері Алматы қаласында «Мұқағали оқуларының» республикалық кезеңі өтті. Астана қаласының білім беру ұйымдарынан 3 оқушы – Байкемелқызы Әмина «Айтып өткен ақында арман бар ма?!» номинациясы, Марат Гүлназым «Жыр эстафетасы» номинациясы, Әкімжан Сағыныш «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациясы бойынша қатысты.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ

Педагогикалық шеберлік бөлімі 2023 жылдың 21-23 маусым аралығында «Педагогикалық идеялар панорамасы» қалалық байқауының іріктеу кезеңін өткізді.

Іріктеу кезеңіне қатысу үшін жалпы білім беру ұйымдарының 77 педагогі тіркеліп, өтінім қалдырды. Оның ішінде байқауға қатысқандары – 46.

         Байқаудың іріктеу кезеңі қазылар алқасының шешімі бойынша 27 педагог (жаратылыстану-математикалық бағыт – 12, қоғамдық гуманитарлық бағыт – 15 педагог) қалалық кезеңге өтті.

 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен 2023 жылдың 15-17 тамызында Сүлейман Демирель университеті базасында мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтері үшін өткізілетін тамыз педагогикалық кеңесіне «Астана дарыны» дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының басшысы, қызметкері, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары және директор орынбасарларының қатысуы жоспарланды.

Педагогикалық кеңестің тақырыбы: «Өзгеріске толы әлемдегі дарынды балаларға арналған білім беру кеңістігінің миссиясы мен құндылықтары».

Мақсаты – дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу процесінің сапасын арттырудың перспективалық тәжірибесін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі басым құндылықтарды анықтау.

  Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін анықтау мақсатында бөлімнің 2020-2023 оқу жылдары аралығындағы жүргізген жұмыстарының (конкурстар мен олимпиадалар) мониторингі жасалды.

«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІ

Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру.

Кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне желтоқсан айында оқушылар және ата-аналардан түскен сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 9мекемеден 21 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға кәсіби бағыттылық бойынша жеке кеңес берді. Оның ішінде:

  • 7 сынып – 4 оқушы;
  • 8 сынып – 3 оқушы;
  • 9 сынып – 12 оқушы;
  • 10 сынып – 2 оқушы;
  • 13 ата-анаға кеңестер берілді.

Оқушылармен келесі диагностикалық әдістеме тесттері жүргізілді:

  • Холланд әдістемесі – тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтап, психологиялық портретін шығару (кәсіби бағыттылығын, қабілетін, мүмкіндіктерін ескере отырып);
  • Йовайши әдістемесі – кәсіптік бағдар аймағын анықтау (мамандықтар);

Психологтардың І Халықаралық форумы

Қоғамның дарынды балаларға деген қызығушылығының жыл сайын артуына байланысты бүгінгі таңда олармен жұмыс істеудегі негізгі мәселелерді қарастыру қажеттігі туындап отыр. Бүгін, 2023 жылғы 15 маусымда Астана қаласында басталған психологтардың І Халықаралық форумы дарынды балалармен жұмыс істеудің негізгі аспектілерін айқындауға арналды. Екі күнге, 15-16 маусымға жоспарланған Форум жұмысына елорданың білім басқармасының өкілдері, «Астана дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының басшылары мен қызметкерлері қатысуда.

Форумның мақсаты–балалардың және жастардың қабілеттері мен дарындылығын диагностикалау және дамыту саласындағы зерттеулер мен инновациялық тәсілдерді жетілдірудің заманауи үрдістерін талдау. Дарынды балалармен жұмыс–күрделі әрі ешқашан тоқтамайтын процесс. Ол үнемі балалар психологиясы саласында шеберлікті шыңдауды, педагогикалық икемділікті, терең әрі үнемі жаңартылып отыратын білімді, сонымен қатар психологтар мен педагогтар сияқты дарынды балалар ата-аналарының тығыз ынтымақтаса жұмыс істеуін талап етеді. Бүгін жұмысын бастаған психологтардың І Халықаралық форумында осы және басқа да мәселер тыңдаушылар назарына ұсынылды.

Форумның 2-ші күні «Позитивті психология», «Дарынды дамтыу бағдарламасы дегеніміз не?», «Кіші мектеп оқушыларының коммуникативті қабілеттерін дамыту әдістері», «Эмоционалды интеллект:эмоцияларды реттеудің әдістері мен механизмдері», «Балалар неге әртүрлі» т.б. тақырыптарда шеберлік сабақтары, тренингтер өткізілді. Еліміздің түкпірінен келген практикалық мамандар мен психологтар өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Форумның қорытындысында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Қазақстан диаспорасының балаларына арналған қазақ тілі мен әдебиеті бойынша «Қазақстан–ата жұртым, Қасиетті ана тілім» Халықаралық олимпиадасына қатысушылармен тренинг

 «Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығының ұйымдастыруымен 26 маусымда Астана қаласында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ХХ Халықаралық олимпиада басталды. Шет елдердегі қазақ диаспорасы балаларына арналған дәстүрлі шара 20-шы рет өткізіліп отыр. Биылғы Халықаралық олимпиадаға Өзбекстан Республикасының Заравшан, Тамды, Бостандық аудандарынан, Ресей Федерациясының Алтай өлкесі, Самара және Омбы облыстарынан, Қырғызстан, Беларусь Республикаларынан, Моңғолия мен Ираннан 80-ге жуық оқушы қатысуда.

Мектеп оқушыларының олимпиадасы – бұл әр бала үшін өз қабілеттерін, дайындық деңгейін және білімін көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Сонымен бірге, бұл қатысушынің күйзелісі. Күйзелістен туындаған мазасыз көңіл-күй олимпиада нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін. Бұл ретте олимпиадаға қатысушылардың көңіл-күйінің оң болуы мен психологиялық дайындығы өте маңызды.

Позитивті эмоционалды көңіл-күй қалыптастыру және мазасыздық деңгейін төмендету мақсатында «Астана дарыны» орталығының «Qabilet» кәсіптік бағдар беру қызметі бөлімінің педагог-психологтары Бексұлтан Сейдімхан, Гульзат Аубакирова, мектеп психологтары Нуриманова Аяулым (№66 мектеп) және Аршагуль Хуат (№67 мектеп) балалармен «Танысу» тақырыбында бірнеше тренингтер өткізіп, «Молекулалар мен атомдар», «Ең мықты постер» және «Шаңырақ» жаттығуларын жасатты.

Психологтар мейірімділіктің, сенім мен өзара қамқорлықтың жылы-шырай атмосферасын қалыптастырып, балаларға жағымды эмоция сыйлады. Олимпиадаға қатысушылардың көпшілігі тарихи Отанына алғаш рет келіп тұрғандықтан оларға жағымды атмосфера қалыптастырып, ортаға бейімдеу өте маңызды.

 Өткізілген тренингтердің барлығы қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Әсіресе «Шаңырақ» тренингі. Қазақтар үшін «Шаңырақ» отбасы жылуының, мемлекеттің символы. Шаңырақ–Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар мекендеген ортақ үйіміздің бейнесі.

Бексұлтан Сейдімхан және Гульзат Аубакирова ұйымдастырған тренингтердің нәтижесінде балалар өздерін еркін сезініп, бір-бірімен жақынырақ танысты.

«Тренингтер пайдалы әрі қызықты болды», деп атап өтті қатысушылар.