Елордалық мектепке дейінгі ұйымдарға арналған жол жүру ережесі бойынша қалалық «Брейн-ринг» байқауының қорытындысы

2023 жылдың 18 мамыр күні №17 «Ер-төстік», №47 «Ақ желкен», №54 «Нұр-ай», №72 «Жанарым», №83 «Жансая» балабақшаларының базасында Астана қаласының Әдістемелік орталығы мен «Астана дарыны» орталығы Полиция департаментінің қолдауымен мектепке дейінгі ұйымдарға арналған жол жүру ережесі бойынша дәстүрлі қалалық «Брейн-ринг» байқауын өткізді. Мақсаты – жол жүру ережелері, көліктің түрлері, жол белгілері, жаяу жүргінші өтпелерінің түрлері және бағдаршамның дабылдары бойынша білімдерін анықтап, жол жүру ережесі бойынша белгілердің өмірдегі маңыздылығын білу, кез келген жағдайда қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауын жетілдіру. Байқауға мектепалды топ тәрбиеленушілері, тәрбиешілер, педагогтер (дене шынықтыру нұсқаушылары, музыка жетекшілері) қатысты. Байқаудың жеңімпаздары Бас жүлде, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Педагогтер мен тәрбиеленушілерге сертификаттар табысталады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!