Мектепке дейінгі жастағы балалар арасында «Қызыққа толы сәттер» жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру туралы фото, бейнесюжеттер республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығыҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ 2023 жылға арналған жоспарына сәйкесжазғы кезеңде балалардың демалысын,сауықтырылуын және іс-әрекетпен қамтылуын ұйымдастыру үлгілік оқу бағдарламаларын тәжірибеде іске асыру үшін мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс тәжірибесін анықтау және оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында «Қызыққа толы сәттер» (бұдан әрі – Байқау) жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру туралы фото, бейнесюжеттер республикалық байқауының қалалық кезеңін 2023 жылдың 16 мамыр күні орталықтың базасында өткізді. Байқаудың қалалық кезеңіне қатысуға мектепке дейінгі ұйымдардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан әр балабақшадан топтар арасында тәрбиелеу және білім беру тілінде бір ғана топтық бейнесюжеттер бойынша 19 балабақшадан 33 өтінім қабылданды. Қазылар алқасы қатысушылардың жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру туралы фото, бейнесюжеттері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады:І орын – 1 (№15 «Дарын» б/б, «Балбұлақ», «Балауса», «Балақай» топтары,4-5 жас) ІІ орын – 3 (№38 «Шаттық» б/б «Аққу», «Түймедақ», «Бұлбұл», «Бозторғай» топтары, 3-5 жас;№18 «Аяжан» б/б «Нұрбөбек» тобы,5-6 жас; №11 «Гауһар» б/б «Маржан» тобы, 4 жас)ІІІ орын – 6 (№9«Нұршашу» б/б «Жұлдыздар» тобы, 5-6 жас; №9«Нұршашу» б/б «Еркетайлар» тобы, 3-4 жас; №67 «Шұғыла» б/б «Қарлығаш» тобы; №46 БМГК «Гвоздика» тобы; №38 «Шаттық» б/б «Қызғалдақ» тобы, 4 жас; №38 «Шаттық» б/б «Бозторғай» тобы, 3 жас)Грамота – 2 (№81 «Әсемгүл»б/б «Раушангүл» тобы, 4-5 жас; б/б, №79 «Шабыт» б/б «Сырнай» тобы, 3-4 жас) «Қызыққа толы сәттер» жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру туралы фото, бейнесюжеттер республикалық байқауы қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар, грамоталар, қатысушыларға сертификаттар электронды нұсқада «Астана дарыны» орталығының сілтемесі арқылы беріледі. Қалалық кезеңнің І және ІІ орын иегерлері мамыр айында өтетін республикалық кезеңге қатысады.