«Астана дарыны» ДДжПСО 2022 жылғы мамыр айында атқарылған іс-шаралары туралы ақпарат

ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР

         2022 жылдың мамыр айында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы 16 іс-шара өткізді, оның ішінде 4 халықаралық, 5 республикалық және 7 қалалық. Аталған іс-шараларға Нұр-Сұлтан қаласынан барлығы 1 975 оқушы қатысып, 716 бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын – 122;

II орын – 251;

III орын – 343;

Грамота – 202.

2022 жылғы мамыр айының 7-8, 12 күндері аралығында 5-11 сынып оқушыларына арасында «Математика және модельдеу» атты Халықаралық ғылыми жобалар конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты: дарынды балаларды анықтау, дамыту және математикаға деген қызығушылығын ояту, қолдау.

Конкурс 12 секция бойынша ұйымдастырылды:

1 секция: «Табиғат пен қоғамдағы нақты процестердің математикалық модельдері»

2 секция: «Геометриялық миниатюра»

3 секция: «Математика және өнер»

4 секция: «Математика тарихы»

5 секция: «Математика ғылымы»

6 секция: «Сандық ресурстарды құру, бағдарламалау»

7секция: «Қаржы математикасы»

8 секция: «Ақпарат саласындағы математиканы қолдау»

9 секция: «Кәсіби бағытталған есептерді шешу үшін математикалық әдістерді қолдану»

10секция: «Желідегі зерттеу жобалары»

11 секция: «Кәсіби қызметтегі математика»

12 секция: «Юниор»

Халықаралық конкурсқа 6 білім беру мекемесінен (№47МГ, 51 МГ, 56МЛ, 57ОМ, 64МЛ, 84 МЛ) 8 жобамен 8 оқушы қатысты.

Конкурстың қорытындысы бойынша 2 жобамен 2 оқушы жеңімпаздар атанып, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

2022 жылдың 5-6 мамыр күні «Менің Отаныма – менің бастамам» атты шығармашылық жобалар байқауының республикалық кезеңі онлайн форматта өтті.

Конкурстың мақсаты – Қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерін зерттеу және жүзеге асыру, жас ұрпақты қазіргі заманғы әлеуметтік –экономикалық мәселелерді шешуге енгізу және тәжірибелік қызметте инновациялық әдістерді енгізу, интеллектуалды өсу мен кәсіптік бағдарлау қабілетін дамыту.

Республикалық байқауға 10 номинация бойынша қатысты:

1.«Жақсылық керуені» номинациясы (қатысушылардың жасы 13-14 жас) -Арапбек Амина №70 мектеп –лицейі;

2.«Отаным – қасиетті туған жерім» номинациясы (қатысушылардың жасы –13-14 жас)- Хуатбек Сабина №65 мектеп –гимназиясы;

3.«Мен – Қазақстанның азаматымын» номинациясы (қатысушылардың жасы – 13-14 жас) -Ахметқали Әділет №38 мектеп –лицейі;

4.«Менің ашық университеттерім» номинациясы (қатысушылардың жасы –15-17 жас)- Нурланова Жания BINOM «Тұран» мектеп-лицейі;

5.«Менің кіші Отаным» номинациясы (қатысушылардың жасы – 13-14 жас) – Шымырбек Нұрайым BINOM «Тұран» мектеп-лицейі;

6.«Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-17 жас) -Доқтырбек Алдияр №50 мектеп –лицейі;

7.«Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы (қатысушылардың жасы –15-17 жас) -Искендирова Сымбат №66 мектеп –лицейі;

8.«Жаңғырту полюсі» номинациясы (қатысушылардың жасы 14-15 жас) – Мағат Ильяс BINOM «Тұран» мектеп-лицейі;

9.«Киіз үй – ғаламның моделі» номинациясы (қатысушылардың жасы-15-16 жас) – Усманханова Лолахан №47 мектеп–гимназиясы;

10.«Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-16 жас)- Оңғарова Дана №73 мектеп –лицейі.

2022 жылғы сәуір айының 3-6 күндері аралығында  Өскемен қаласында Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға Республикамыздың барлық өңірлерінен 250-ден астам оқушы, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінен16 оқушы қатысты. Елордалық команда олимпиадада жоғары нәтижеге ие болды – барлығы 10 медаль: І орын – 3, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 4, грамота – 1.

         «Астана дарыны» ДДжәнеПС орталығы  Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылғы 4 мамыр күні республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қалалық іріктеу кезеңі №57 орта мектебі базасында өтті.

Оқулардың мақсаты – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын дәріптеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, әдебиетті, тіл мен өнерді құрмет тұтатын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау.

         Қалалық іріктеу кезеңге 63 мектептен 131 оқушы қатысты.

Бас жүлде – 4

І орын –  8

ІІ орын – 19

ІІІ орын – 23

Грамота – 26

         Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация (әр номинацияға 1 (бір) оқушыдан)  бойынша өткізілді.

  1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – жазба ақындар мүшәйрасына 33 оқушы қатысты.
  2. Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми зерттеу жобасын қорғау номинациясына 33 оқушы қатысты.
  3.  «Білімді зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» – эссе жазу номинациясына 48 оқушы қатысты.
  4.  «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» – ұлттың ұлы тұлғаларын сипаттау (презентация қорғау) номинациясына 42 оқушы қатысты.

             4-9 мамыр күндері Ларнака қ.(Кипр) математикадан Балқан олимпиадасы өтті. Оған Балқан түбегінің 16 елінен 96 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Қола – Фетуллах Сам, «SPECTRUM», Нұр-Сұлтан қ.

         2022 жылғы мамыр айының 5-6 күндері аралығында 9-11 сынып оқушыларына арасында «Ғылым әлемін ашамыз» атты Халықаралық  ғылыми жобалар конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты: дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты балалардың және жасөспірімдердің қызығушылығын дамыту, отандық және әлемдік ғарыш жетістіктерін насихаттау, ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру.

Конкурс 4 секция бойынша ұйымдастырылды:

1 секция: «Ғарыштық техника және инфрақұрылым»

2 секция: «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу»

3 секция: «Экология және ғарыш қызметі»

4 секция: «Астрофизика және Ғаламның эвалюциясы»

5 секция: «Күн жүйесі».

Халықаралық конкурсқа 8 білім беру мекемесінен (№9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, №24 ОМ, №47МГ, №60 МЛ (2 оқушы), №79 МЛ (2 оқушы), №80 МГ, №84МЛ, Бином «Тұран») 9 жобамен 10 оқушы қатысты. Халықаралық конкурсқа Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық аймақтарынан 200-ден аса оқушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.

Конкурстың қорытындысы бойынша 9 жобамен 10 елордалық оқушының арасынан 6 оқушы, 5 жобамен  жеңімпаздар атанып, Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ дәрежелі дипломдарымен күміс және қола медальдарымен марапатталды.

2022 жылдың 7-8 мамыр күндері ДДжПС орталығы мен «Роботек» робототехника мектебі Astana IT University базасында «Астана Innovations» АҚ, Astana IT University және BI Group құрылыс Холдингінің қолдауымен робототехника бойынша қалалық «Robotek Grand Tournament 2022» чемпионатын өткізді.

Чемпионатқа қала мектептерінің командалары, робототехника үйірмелері қатысады. 149 елордалық команда қатысты, қатысушылардың жас ерекшелігі – 10-17 жас аралығы.

Robotek Grand Tournament 2022 бойынша жеті номинация ұсынылды:

1. Робо-сумо (9-12 жас);

2. Кегельринг-квадро (10-14 жас);

3. Сызық бойымен жүру (14-17 жас);

4. Биатлон кіші топ (10-14 жас);

5. Биатлон үлкен топ (14-17 жас);

6. Эстафета (10-17 жас);

7. Лабиринт (14-17 жас).

         Робототехника жарысы – оқушылардың осы бағыт бойынша жан-жақты үйреніп және дамитын алаңы. Бұл цифрлық технологияларды қолданатын мамандықтарды игеруге ынталандырады. Баланың іскерлік болашағының іргетасын қалайды.

         Турнирдың қорытындысы бойынша: І орын – 7, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 6.

             9-16 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында 56-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті. Білім кеңістігіндегі басты додалардың бірі боп саналатын Менделеев олимпиадасында қазақстандық химиктер жыл сайын жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.

             Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Смет Әлихан қола медальға ие болды, Қазақстан құрамасының қоржыны 3 күміс және 5 қола медальға толықты.

             2022 жылдың 11-13 мамыр күндері Шымкент қаласында өткен 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытынды кезеңіне Қазақстанның барлық өңірлерінен 236 оқушы қатысты. Жасөспірімдер олимпиадасына қатысу – оқушыға тәжірибе жинап, жоғары сыныптарда түрлі деңгейдегі білім бәйгесінде жеңіске жетуде сенімділік қалыптастырады.
             Нұр-Сұлтан қаласы командасының құрамын олимпиаданың қалалық кезеңі жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 22 оқушы құрады.

             Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы бойынша 7 алтын, 6 күміс және 1 қола, барлығы 14 медаль иеленген елордалық дарындар «Үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алды.

         Мамыр айының 12-13 күндері Павлодар облысы білім басқармасы «Ертіс дарыны» облыстық өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында Павлодар облысы Екібастұз қаласында ІІ республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті.

         Төрт бағыт бойынша өткізілген оқуларға Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінен 4 оқушы қатысып:

1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»жазба ақындар мүшәйрасында № 66 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Анияр Мұқаш ІІІ орынға ие болды, жетекшісі – Жумабаева Гульмира Жантлеуовна .

2. «Бос болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми жобаларды қорғау бағыты бойынша

№ 58 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Сақтаған Дильназ «Зейінді зерттеуші» номинациясымен марапатталды, жетекшісі –Курмашева Мадина Абдыкаримовна.

         Қазақтың сыршыл ақыны, ағартушы, «Алаш» қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы Х республикалық дәстүрлі Мағжан оқуларының қалалық іріктеу кезеңін Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың 13 мамырда №64 мектеп–лицейінде өтті.

Х республикалық Мағжан оқуларының қалалық іріктеу кезеңіне 3 номинация бойынша 61 мектептен 106 оқушы қатысты:

         1. «Өлең -менің Шолпаным, Айым, Күнім» – ақын шығармаларын жатқа оқу номинациясына 36 оқушы қатысты;

2. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған…»- жазба ақындар мүшәйрасы номинациясына 29 оқушы қатысты;

3. «Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» – ғылыми жоба жұмысына 41 оқушы қатысты.

         Конкурстың қорытындысы бойынша: Бас жүлде – 3, І орын – 8, ІІ орын – 14, ІІІ орын – 21, грамота – 14.

Х республикалық Мағжан оқуларына қатысуға жолдама алған жеңімпаздар №38 МЛ, 87 МГ, 85 МЛ.

             14 мамыр күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен №59 мектеп-лицейі бірлесіп қала мектептері арасында «Scratch – бағдарламалау» зияткерлік, шығармашылық сайысын өткізді.

             Мақсаты – балалардың зияткерлік, шығармашылық бастамаларын белсендіру және дамыту, Sratch-бағдарламалау саласында өз идеяларын іс жүзінде жүзеге асыру үшін білім алушыларға жағдай жасау.

             Сайысқа елордадағы 53 мектептен 3-5 сынып оқушыларынан құралған 127 команда қатысты.

Әр мектептен 3 команда қатысты: 3- сыныптан – 2 оқушы, 4 – сыныптан – 2 оқушы, 5 – сыныптан – 2 оқушы.

Сайыс 3 түрлі  тапсырмадан тұрды:

– «Scratch – математикалық тапсырма»;

– «Scratch – анимация»;

– «Scratch – компьютерлік ойын».

             Олимпиаданың қорытындысы бойынша I орын – 8, II-17, III-38 грамота – 45.

2022 жылдың 14- мамырда «Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінің 7-8 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жасөспірімдер олимпиадасының ІІ (қалалық кезеңі) №50 мектеп-лицейінде өтті.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша (Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және өзін-өзі тану) жасөспірімдер олимпиадасының ІІ (қалалық) кезеңіне аудандық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Барлығы 359 қатысушы: І орын- 25; ІІ орын-65; ІІІорын-71.

«Астана дарыны» ДДжәнеПС орталығы  Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылғы 20 мамыр күні ХХІІІ республикалық Абай оқуларының қалалық іріктеу кезеңі №87 мектеп-гимназиясының базасында өтті.

Абай оқуларының мақсаты – қазақ халқының әдеби мұралары мен Абай және оның шәкірттерінің шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиеттерді насихаттау.

Қалалық іріктеу кезеңге 60 мектептен 170 оқушы қатысты.

Ережеге сәйкес Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізілді:

1.«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…» номинациясы;

2.«Абайдың қара сөздері» номинациясы;

3.«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы;

4.«Көңілім әнді ұғады…» номинациясы;

5.«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда..» номинациясы;

6.«Ұлылар әлемі» эссе жазу номинациясы.

         Конкурс қорытындысы бойынша төмендегідей жүлдегерлер анықталды: Бас жүлде – 6, І орын –  11, ІІ орын – 22, ІІІ орын – 39, грамота –         35.

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы жұмыс жоспарына сәйкес білім беру мекемелерінің 4-сынып оқушыларына арналған қалалық пәндік олимпиаданы 2022 жылғы мамыр айының 21 күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер №3 мектеп-гимназиясында, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер №85 мектеп-лицей базасында өтті. Барлығы 565 оқушы қатысты.

         Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, дүниетанымын кеңейту, дарынды, талантты оқушыларды анықтау.

Математика пәні бойынша 107 оқушының 43,9% жүлдегер мен жеңімпаз атанды: І орын-2, ІІ орын-23, ІІІ орын-22, грамота -20.

            Ағылшын тілі пәні бойынша 97 оқушының 48,4% жүлдегер мен жеңімпаз атанды: І орын- 10, ІІ орын-17, ІІІ орын-20, грамота -12.

Қазақ тілі пәні бойынша 89 оқушының 44,9% жүлдегер мен жеңімпаз атанды: І орын-5, ІІ орын-16, ІІІ орын-19, грамота-12.

Дүниетану пәні бойынша 98 оқушының 46,9% жүлдегер мен жеңімпаз атанды: 1 орын –6, ІІ орын – 15, ІІІ орын – 25, грамота –11.

Жаратылыстану пәні бойынша 102 оқушының 44,1% жүлдегер мен жеңімпаз атанды: 1 орын  – 8, ІІ орын –13, ІІІ орын –24, грамота –12.

Орыс тілі пәні бойынша 72 оқушының 43,0% жүлдегер мен жеңімпаз атанды: І орын – 6, ІІ орын – 9, ІІІ орын –16, грамота – 8.

         2022 жылғы мамыр айының 27–30 күндері аралығында Қ.И Сәтбаев атындағы Х аймақтық олимпиадаға 162 оқушы қатысты. Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінен 20 оқушы қатысты. Оның ішінде 14 – оқушы (4-күміс,5-қола,5-грамота) жүлделі орындарға ие болды.

Математикалық бағыт бойынша: 1 грамота;

Жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша: ІІ орын -3, ІІІ орын -1, грамота – 2;

Бағдарламалау бағыты бойынша: ІІІ орын – 1;

Химия пәні бойынша: ІІ орын -1, грамота -1;

Биология пәні бойынша: ІІІ орын -1;

Физика пәні бойынша: ІІІ орын -1, грамота – 1;

География пәні бойынша: 1 грамота.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ

Елордалық білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне арналған Педагогикалық шеберлік бөлімімен жалпы 455 адам қамтылған келесі іс-шаралар өткізілді.

1. 14 мамыр күні № 59 мектеп – лицеймен бірлесе отырып 3-5 сынып оқушыларына арналған «Sсratch бағдарламалау» қалалық олимпиадасы (бұдан әрі-Олимпиада) өтті.

Олимпиаданың мақсаты балалардың зияткерлік және шығармашылық бастамаларын дамыту, оқушылардың «Sсratch-бағдарламалар» саласында өз идеяларын іске асыруы үшін жағдай жасау, Scratch визуалды бағдарламалау ортасымен Жобалық жұмыс арқылы Кіші оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлауының, ақпараттық мәдениетінің, танымдық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерінің бастапқы элементтерін қалыптастыру болып табылады.

Олимпиадаға 100 командадан 189 команда қатысты, екі оқушы (әр сыныптан 2 оқушы): 3 сынып -38 команда, 75 оқушы; 4-сынып-33 команда, 62 оқушы, 5 – сынып-29 команда, 52 оқушы.

Олимпиада қорытындысы бойынша 8 оқушы I дәрежелі дипломдармен, II-17, III-38 және 45 оқушы грамоталармен марапатталды.

2. 18 мамыр күні № 77 мектеп – гимназия базасында 10-сынып оқушылары арасында «Алтын тұл» олимпиадасының қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломдармен 2 оқушы, II-10, III-18 және 24 оқушы грамоталармен марапатталды. Дипломдармен қатар жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды: I орын-20000 теңге, II орын – 10000 теңге, III орын-5000 теңге.

I орын – BINOM «Сарыарқа», № 82 «Дарын» арнайы лицей ,

II орын – № 3 МГ мектеп-гимназия, №9 «Зерде»мектебі(2), № 70 МЛ, №73 МЛ, №44 (2) ОМ, №54 МЛ, № 59 МЛ, №86 МГ;

III орын – №18 мектеп, №58 мектеп, №66 мектеп, №40 мектеп, №4 мектеп, №7 мектеп, №35 мектеп, №60 мектеп (2), №52 мектеп, №92 мектеп, №78 мектеп, № 53 мектеп, маман. №82 Дарын лицейі, №83 МГ, №38 МЛ, №73 МЛ, №69 МГ.

3. 25 мамыр күні педагогтерді қолдау және мұғалімдер қауымының беделін арттыру ақсатында «Табысты бол» салтанатты іс-шарасы өтті.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың алтын медаліне   ие болған оқушылар және оларды дайындаған педагогтерді құттықтады. Елордалық мектептердің 23 мұғалімі ақшалай сыйақы алды.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІ

         Психологиялық сүйемелдеу бөлімі бір ай бойы жоспарға сәйкес ата-аналармен, білім алушылармен және педагог-психологтармен жұмыс жүргізді.

Халықаралық форматтағы 1 іс-шара ұйымдастырып, өткізілді.

– «Өзгермелі әлемдегі өзгермелі жастар: z ұрпағын әлеуметтендірудегі өзекті мәселелер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.

         Мақсаты: қазіргі заманның сын-қатерлерін ескере отырып, жас ұрпақты әлеуметтендіру мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылау, білім беру ұйымдарында, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да қоғамдастықтарда жастар жұмысы жүйесін жетілдіру перспективаларын анықтау.

Қамту: 192 қатысушы.

Республикалық форматтағы 1 іс-шараға қатысты:

«Білім жолында» республикалық форумында сөз сөйлеу:

Баяндама тақырыбы: «Аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдермен қарым-қатынастың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері»

Мақсаты: тәжірибе алмасу.

Қамту: 56 қатысушы

Педагогтармен 62 іс-шара өткізілді:

         Білім басқармасы басшысының 20.05.2022 ж. №388 бұйрығы негізінде мониторингтік топтың отырысын ұйымдастыру, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелеріне мониторингтік топтың шығу кестесін құру.

Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша білім беру ұйымдарындағы жұмысты талдау және балалардың суицидтік іс-әрекеттерінің алдын алу шеңберінде «мобильді топтардың» бірлескен қызметін зерделеу.

Оқу жылының қорытындысын шығару бойынша іс-шара.

Мақсаты: психологтардың оқу жылындағы жұмысының нәтижелерін талдау

Білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету.

Қамтылуы: 592 педагог

«Жас психолог мектебі» жұмысы аясында 3 іс-шара өткізілді:      

1. «Педагог-психолог қызметіндегі инновациялық технологиялар» семинар-практикумы.

Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста инновациялық технологиялар элементтерін қолдану тәсілдері мен тиімділігі туралы тәжірибе алмасу.

2. «Инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, кәсіби шеберлікті арттыру» тақырыбында мастер-класс.

Мақсаты: инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, кәсіби шеберлікті арттыруда тәжірибе алмасу

3. Жас психологтардың тәжірибесінен практикалық сабақтар, ЖПМ аясында «Менің кәсіби шығармашылығым» тақырыбында тәжірибе алмасу.

Мақсаты: білім беру ұйымдарының жас педагог-психологтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Қамтылуы:95 педагог-психолог.

Ата-аналар жұртшылығымен жұмыс барысында алдын алу-ағарту қызметі аясында бөлім қызметкерлері 3 іс-шара өткізілді:

– Қалалық «Біз бақытты отбасымыз» бейнероликтер байқауының екінші кезеңінде ата-аналардың өтінімдері бойынша түскен бейнероликтерді жинақтау, сараптама жүргізу, анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. 

– Қалалық «Біз бақытты отбасымыз» бейнероликтер байқауының үшінші-финалдық кезеңінде бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын  салтанатты  марапаттау өткізілді.

Мақсаты: отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесін анықтау, бірлескен шығармашылық қызмет үрдісінде ата-ана мен баланың қарым-қатынасын байыту.

– «Ата-аналар клубы» қалалық диалог алаңының қорытынды отырысы.

Мақсаты: ата-аналарды (заңды өкілдерді) психологиялық-педагогикалық ағарту және отбасы мен мектептің әлеуметтік әріптестігін нығайту, оларды білім беру ұйымдарының білім беру-тәрбие үрдісіне тарту

323 ата-ана қамтылды.

Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын арттыру  бойынша  14 іс-шара өткізілді:

1. 1-курс студенттерімен «Интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында дәріс өткізілді.

2. №47 мектеп-гимназиясының 9, 10 сынып оқушыларымен «Татуласу мектебі: тең теңімен» жобасы бойынша қорытынды сабақ өткізілді.

Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық білім беру. Қамтылуы: 98 білім алушы.

3. «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына» 2-рет шығу (ата-ананың балаға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша) жүзеге асырылды

Мақсаты: Қиын жағдайдағы оқушыға психологиялық көмек көрсету.

Кәмелетке толмаған баланың анасымен профилактикалық әңгіме жүргізу.

Қамту: 18

Жалпы қамтылды: 192

         Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік фактілер негізінде суицидолог М.А. Смецкойдің қатысуымен ГБР-ның 10 отырысы ұйымдастырылып, өткізілді. ГБР жұмысы шеңберінде кәмелетке толмаған балаларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша білім беру ұйымдарының жедел топтарының құрамы үшін ұсынымдар әзірленді, сондай-ақ суицидтік оқиғалар салдарын оңалту бағыттары айқындалды.

         Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің барлық қызметі Білім басқармасына арналған қызметтік хаттарда көрсетілген, сондай-ақ «Астана дарыны» ДДжПСО сайтында және Facebook парақшасында жарияланған.

«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру.

Кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне мамыр айында оқушылар және ата-аналардан түскен сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 8 мекемеден 8 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға кәсіби бағыттылық бойынша жеке кеңес берді. Оның ішінде:

  • 9 сынып – 3 оқушы;
  • 10 сынып – 5 оқушы
  • 4 – ата-ана.

Оқушылармен келесі диагностикалық әдістеме тесттері жүргізілді:

  • Холланд әдістемесі – тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтап, психологиялық портретін шығару (кәсіби бағыттылығын, қабілетін, мүмкіндіктерін ескере отырып);
  • Кәсіби мотивация – еңбекке деген мотивацияны анықтау;
  • Йовайши әдістемесі – кәсіптік бағдар аймағын анықтау (мамандықтар);
  • «Профиль» әдістемесі (А. Е. Голомштоктың «Қызығушылық картасы» модификациясы);
  • Ойлау түрі (Г.В.Резапкинаның модификациясы).

«JasSkills Nur-Sultan-2022» қалалық чемпионаты

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы басшысының 2022 жылдың 9 наурыздағы №146 «WorldSkills Nur-Sultan-2022 қалалық чемпионатын ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес «Шеберлікке қадам» деген ұранмен «WorldSkills» чемпионаты аясында биылғы жылдың 16-19 мамыр аралығында жалпы білім беру мектептерінің 8-9 сынып (14-16 жас) оқушылары арасында «JasSkills Nur-Sultan-2022» қалалық чемпионаты «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен өтті. Чемпионатқа 7 білім беру мекемесінен 8 елордалық жеткіншек 3 құзіреттілік бойынша қатысты.
         Чемпионаттың мақсаты: техникалық шығармашылық саласында дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, оқушыларды ерте кәсіби даярлау. 16-17 мамыр күндері Менеджмент, бизнес және білім колледжінде өткен «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша 3 оқушы сайысқа түсті: №25 орта мектебінен Сүлейменова Анель; №59 мектеп– лицейінен Сәулет Айсұлу;№82 «Дарын» мамандандырылған лицейінен Саян Зауреш.

Чемпионаттың бірінші күні қатысушылар 4 модульден тұратын тапсырмалардың 1,2 модулін орындады. Яғни: 1 – модуль белдемшенің 3 моделінің эскизін сызу, 1 сағат; 2 – модуль өзі сызған үш модельдің біреуін таңдап, белді бұйымның лекалдарын әзірлеу және жаймалау жұмыстарын орындау, 3 сағат. Екінші күні 3 – модуль белдемшені тігу 4 сағат; Белдемше тігіліп болған соң ең соңғы 4 – модуль қара жәшіктен таңдап алған әшекейлерімен белдемшені сәндеу жұмыстарын орындайды 1 сағат. Сондай-ақ 16-17 мамыр күндері Жоғары көлік және коммуникация колледжі базасында «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша чемпионатқа №22 мектеп-гимназиясынан 3 оқушы: Надеин Данил, Давыденко Ярослав, Коломейчук Архип қатысты. «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша қатысушылар 4 модульден тұратын тапсырмаларды орындады:

1 модульде электромонтаждау жұмыстарын жүргізуге дайындық;

2 модульде электр жабдықтарын орнату және монтаждау, кабельдер мен сымдарды төсеу және қосу;

3 модульде электр желісі мен электр жабдығын іске қосу-жөндеу жұмыстары;

4 модульде қолданыстағы электрмен жабдықтау жүйесінің электр жабдығы мен электр желісінің жарамдылығын тексеру.

18 мамыр күні «Мейрамханалық сервис» құзыреттілігі бойынша                          Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледж базысында өткен қалалық чемпионатқа 2 оқушы: Бокижанова Солидат №1 мектеп-лицейінен; Башаева Алия №85 мектеп-лицейінен қатысып, келесі тапсырмаларды орындады:

  • Жұмыс орындарын, құрал-жабдықтарын даярлау, 5 мин.;
  • ыдыс-аяқтарын сүрту (натирка), 20 мин.;
  • берілген майлықтарды (салфетканы) сәндеудің үш түрінің таңдап алған бір түрінде (май шам-свеча) бүктеу, 10 мин.;
  • 2 адамға арналған үстелді безендіру (сервировка стола), 20 мин.;
  • 10 түрлі әдіспен майлықтарды (салфетканы) бүктеу, 10 мин.
    Қатысушылардың барлығына аспаптар мен құралдардың бірдей жиынтығы ұсынылды. Қатысушылардың жұмысын тәуелсіз сарапшылар бақылап, бағалады.

«JasSkills Nur-Sultan-2022» қалалық чемпионатының қорытындысы

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 27 мамыр күні «Астана концерт» залында «WorldSkills Nur-Sultan – 2022» қалалық чемпионатының салтанатты марапатттау рәсімі өтті. Чемпионатқа 45 құзыреттілік бойынша 260 жуық жастар, соның ішінде «JasSkills Nur-Sultan – 2022» чемпионатына жалпы білім беру мекемелерінен 3 құзыреттіліктен («Сән технологиясы», «Мейрамхана қызметі», «Электромонтаждық жұмыстар») 8 оқушы  қатысты. Жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды. Нәтижесі төменгідей:

«Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі:

1 орын –  Давыденко Ярослав – №22 мектеп-гимназиясы;

2 орын – Коломейчук Архип – №22 мектеп-гимназиясы;

3 орын –  Надеин Данил – №22 мектеп-гимназиясы.

«Сән технологиясы» құзыреттілігі:

1 орын – Саян Зауреш – №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі;

2 орын – Сүлейменова Анель – №25 орта мектебі;

3 орын – Сәулет Айсұлу –  №59 мектеп – лицейі.

«Мейрамхана қызметі» құзыреттілігі:

1 орын – Бокижанова Солидат –  №1 мектеп-лицейі;

2 орын –– Башаева Алия – №85 мектеп-лицейі.