«Үздік жыл психологі» республикалық конкурсы

2022 жылдың 1- 2 наурыз күндері Алматы қаласында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы  «Үздік жыл психологі» республикалық конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты – дарынды психологтерді анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологтердің озық тәжірибелерін насихаттау және тарату.

Конкурсқа елордалық білім беру мекемелерінің (№№76 МЛ, 33 ББМ, 29 ОМ) психологтері  3 жылға дейін, 3-7 жылға дейін және  7-жылдан жоғары сатылары бойынша қатысып,  нәтижесінде  төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді.

 ІІІ орын: Аренова Алия Балтабековна, № 33 балабақша-мектеп.

Номинация: «Үздік креативті психолог»,  Джакупова Гульнур Кайроллаевна, №76 мектеп-лицейі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!