«Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі

 «Астана дарыны» ДДжПСО жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық VІII «Ақберен» өнер байқауының қалалық іріктеу кезеңін осы жылдың 14 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы № 70 мектеп-лицейінде өткізетінін хабарлайды.

Байқау 6 бағытта өткізіледі:

  1. Шешендік өнер, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу);
  2. Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драма);
  3. Эссе жазу;
  4. Ұлттық аспапта ойнау ( домбыра, қобыз, жетіген және т.б.); 
  5. Ақындар айтысы;
  6. Ақындар мүшәйрасы.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!