«Елбасы медалі» жобасының қола деңгейдегі белгісімен марапаттау рәсімі

2021 жылғы 5 мамырда қола деңгейіндегі «Елбасы медалі» белгісімен марапаттау рәсімі өтті. Атаулы іс-шараны Тұңғыш Президент Қоры мен «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры және Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ұйымдастырды. 

«Ел Үміті» бастамасын іске асыру аясында Тұңғыш Президент Қоры мен «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры 2020 жылдың шілде айында балалар мен жастарға арналған «Елбасы медалі» жаңа жобасын іске қосты.

«Елбасы медалі» белгісінің ерекшелігі үш деңгейден тұрады – қола, күміс және алтын.

Жобаның мақсаты – қиындықтарды еңсеруге, әртүрлі салаларда өзін жүйелі түрде дамытуға, басқаларға қамқорлық жасауға, қойылған мақсаттар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру. 

 «Елбасы медалі» –  жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар қатысады. 

2020 жылдың 14 желтоқсанында елордалық алғашқы 14 оқушы қола медаль иегерлері атанған болатын, ал 12 наурыз күні «Елбасы медалі» бағдарламасының тағы 28 жеңімпазы қола медальді иеленді.

Бүгін, 2021 жылдың 5 мамыры күні, жобаның барлық шарттарын сәтті орындаған жеңімпаз 122 елордалық үміткерлер салтанатты түрде марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты марапаттау рәсімі төрт бөлікте өткізілді. Медаль иегерлерін Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының әкімдері, атап айтсақ, Алматы ауданының әкімі Есполов Бектенбай Тлектесұлы, Есіл ауданының әкімі Джакенов Берік Оралұлы, Байқоңыр ауданының әкімі Нұрсагатов Нұрбол Төлегенұлы, Сарыарқа ауданының әкімі Байкен Есет Берікұлы, «Елбасы академиясы»  корпоротивтік қорының көшбасшылықты дамыту және цифрлық білім беру орталығының басшысы Айтпаева Жанат Жеңісбекқызы, білім басқармасының бас маманы Сүлейменова Мадина Тасжанқызы марапаттады.

Әкімдер үміткерлерді мәртебелі марапатқа ие болуымен құттықтап, Қазақстанның болашағы сенімді қолда екенін атап өтіп, жылы лебіздерін білдірді.

«Елбасы медалі» жобасының алғашқы күндерінен бастап елордалық оқушылар мен жастар белсенді түрде қатысып келеді. Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бүгінгі күнге дейін 164 ұл мен қыз «Елбасы медалі» белгісімен марапатталды.

«Астана дарыны» ДДжПС орталығы «Елбасы медаліне» ие болған номинанттарды құттықтайды! Жалынды жас дарындарға зор денсаулық пен жарқын болашақ тілейміз! 

Біздің Отанымыздың тарихы мен тағдырын жасап, оны бай және бақуатты ете білетін, оны жаңа жаңалықтармен, жарқын жетістіктермен ұлықтай білетін дәл осындай жастар біздің қоғамымызға қашан да қажет!

Марапаттаудың фотоесебі:

https://drive.google.com/drive/folders/1YE4zMT25rQiR3Jc7g5hzR-cuB3BEQzvl?usp=sharing