«Біздің эмоциялар» тақырыбында семинар

(Жас психолог мектебі)

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық  сүйемелдеу  орталығы психологиялық қызмет бөлімі     «Жас психолог мектебі» аясында    тәжірибе алмасу   семинарын  ұйымдастырады.

          Семинардың мақсаты:  мектеп жасына дейінігі балалардың эмоционалдық жағдайын қалыптастыру   бойынша  жұмыс   тәжірибесімен   алмасу.  

 Мақсатты топ:  мектепке дейінгі мекемелердің  педагог- психологтері

 Өтетін уақыты: 2021 жыл 28 қаңтар, сағат 10.00 -де. 

 Семинар  қашықтық форматында және орыс тілінде өтеді.

          №3 «Күншуақ»  балабақшасының  педагог- психологі  Балабекова Сәуле   ересектер тобы  балаларымен  «Біздің эмоциялар» тақырыбында  ашық сабақ  жүргізіп, өз тәжірибесімен  бөліседі.

Сабақ  барысында түрлі тапсырмалар  арқылы:  

-эмоцияларды тану, көрсету, өз сезімдері мен басқалардың сезімдерін түсіну қабілетін нығайту;

– балалардың қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру;

– мейірімділікті, жанашырлықты тәрбиелеу;

– жағымды эмоциялық көңіл-күйді  қалыптастыру жұмыстары  жүргізіледі.

         Курс  тыңдаушыларымен   балалармен жүргізілген сабақтың  мазмұны, балаларды дамытуға  тиімділігі,  нәтижесі  талданады.