Қабілет
Ата-аналарға арналған жадынама
- Өз балаңызға болашақ мамандықты таңдау құқығын беріңіз.
- Онымен бірге өзі таңдаған мамандықтың «оң» және «теріс» жақтарын талқылаңыз.
- Болашақ кәсіптің таңдауын тек материалдық пайдасы тұрғысынан ғана емес, моральдық қанағаттандыру тұрғысынан да қарастырыңыз.
- Болашақ мамандықты таңдауда балаңыздың осы мамандыққа сәйкес келетін жеке қасиеттерін ескеріңіз.
- Егер мамандық таңдауда келіспеушіліктер туындаса, арнайы мамандардан кеңес алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
- Мамандық таңдауда балаға қысым жасамаңыз, бұл қақтығыстарға әкелуі мүмкін.
- Егер балада шыдамдылық болса, арманының орындалуы үшін оны қолдаңыз.
- Егер балаңыз мамандық таңдауда қателессе, оны жазғырмаңыз. Қатені түзетуге болады.
- Егер сіздің балаңыз қандай да бір мамандыққа ерте қызығушылық танытса, оған әдебиеттер, үйірмелер, қосымша сабақтар және т.б. арқылы осы қызығушылықты қолдауға мүмкіндік беріңіз.
- Естеріңізде болсын, балалар ата-аналарының таңдаған мамандықтарына деген көзқарасын лезде қабылдап алады!