Қабілет

Ата-аналарға арналған жадынама

  1. Өз балаңызға болашақ мамандықты таңдау құқығын беріңіз.
  2. Онымен бірге өзі таңдаған мамандықтың «оң» және «теріс» жақтарын талқылаңыз.
  3. Болашақ кәсіптің таңдауын тек материалдық пайдасы тұрғысынан ғана емес, моральдық қанағаттандыру тұрғысынан да қарастырыңыз.
  4. Болашақ мамандықты таңдауда балаңыздың осы мамандыққа сәйкес келетін жеке қасиеттерін ескеріңіз.
  5. Егер мамандық таңдауда келіспеушіліктер туындаса, арнайы мамандардан кеңес алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
  6. Мамандық таңдауда балаға қысым жасамаңыз, бұл қақтығыстарға әкелуі мүмкін.
  7. Егер балада шыдамдылық болса, арманының орындалуы үшін оны қолдаңыз.
  8. Егер балаңыз мамандық таңдауда қателессе, оны жазғырмаңыз. Қатені түзетуге болады.
  9. Егер сіздің балаңыз қандай да бір мамандыққа ерте қызығушылық танытса, оған әдебиеттер, үйірмелер, қосымша сабақтар және т.б. арқылы осы қызығушылықты қолдауға мүмкіндік беріңіз.
  10. Естеріңізде болсын, балалар ата-аналарының таңдаған мамандықтарына деген көзқарасын лезде қабылдап алады!