М.О. Әуезовтің рухани шәкірттері» аймақтық ғылыми жобалар байқауы

2024 жылдың  3 мамыр   күні  «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы   №86 мектеп- гимназиямен бірлесіп «М.О. Әуезовтің рухани шәкірттері» аймақтық ғылыми жобалар байқауы өткізді.

Байқаудың мақсаты: мектеп оқушыларын жазушының әдеби мұрасымен таныстыру, насихаттау және зерттеу, ғылыми қабілеттерін арттыру, әдеби тіл байлығын кеңейту, жазушы шығармаларының рухани құндылығын жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Байқауға елордалық білім беру мекемелерінен 25 оқушы , Жамбыл облысынан 3 оқушы қатысты.

Ғылыми жобалар: М.О.Әуезовтің әдебиеттану ғылымындағы орны, М.О.Әуезов және тарих, М.О.Әуезов және әлем әдебиеті секциялары бойынша қорғалды.

          Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар «М.О. Әуезовтің рухани шәкірттері» аймақтық ғылыми жобалар байқауының  3 секция бойынша келесі жүлделі орындарға ие болды:

  •  «М.О.Әуезовтің әдебиеттану ғылымдағы орны»

I орын- №86 МГ;

ІІ орын- №32 МГ;

               ІІІ орын- №51 МГ;

     Грамота- №16 ОМ.

  • «М.О.Әуезов және тарих»

I орын-Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов ат. МГ;

                 ІІ орын-№89 МЛ, А.Байтұрсынұлы атындағы Binom school МЛ;

ІІІ орын- №58 МГ, №86 МГ;

       грамоталар— А.Бөкейхан ат. Binom school МЛ, Жамбыл обл., Меркі ауданы, “Мұхтар Әуезов ат. МЛ.

«М.О.Әуезов және әлем әдебиеті»

ІІ орын- №78 МГ, Жамбыл облысы  Меркі ауданы “Мұхтар Әуезов атындағы МЛ;

ІІІ орын- № 32 МГ, № 58 МГ, №92 МЛ;

                 грамоталар- №51 МГ, №53 МГ.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығының I, II және III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен jetistik.kz сайт арқылы марапатталды.  Конкурсқа қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар беріледі.  

Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!