Астана қаласының командасы «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша  халықаралық ғылыми конкурсында 2 күміс, 2 қола медаль иеленсе,  «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңінде 1 алтын, 4 қола медаль иеленді

Бүгін  Астана қаласындағы әль-Фараби атындағы оқушылар сарайында  «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсы мен «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздары  марапатталды.

Қазақстан Республикасы Оқу — ағарту министрлігі «Дарын» ғылыми -практикалық орталығының ұйымдастырумен мектеп оқушылары арасында өткізілген шараларға қатысқан елордалық дарындар үздік нәтиже көрсетіп, Астанаға жеңіс сыйлады. 

«Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсының жеңімпаздары:

ІІ орын:

Карилов Сұлтан, Жамантай Әлмира, №56 мектеп-лицейі, 9  —  сынып; 

ІІІ орын:

Еламан Ясмин, №46 мектеп-гимназиясы, 11- сынып; 

Ғалым Әмірхан, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-

лицейі, 10-сынып.

5-8 сынып оқушылары арасындағы «ProEco» экологиялық жобалар конкурсы республикалық кезеңінің жеңімпаздары:

І орын:

Тастанбек Садуақас, №74 мектеп-гимназиясы,  7-сынып;

ІІІ орын:

Заманбек Фарида, Ибрагим Арлен, №64 мектеп-лицейі,  7- сынып;

Сабиржан Сабина, №77 мектеп-гимназиясы, 8 — сынып;

Ахметқали Әділет, №38 мектеп-лицейі,  8-сынып.

Жүлдегерлерді және олардың жетекшілері мен ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз!