Қалалық «Бала Абай»  байқауы

Хакім Абайдың ғибратқа толы қарасөздері мен жақұт жырларынан тәрбиелік өсиет өнеге аламыз. Ұлт мақтанышы, кемеңгер ақын  Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, шығармаларын сүйіп оқуға баулу мақсатында «Астана дарыны» орталығы  Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп- гимназиясымен бірлесе отырып 2024 жылдың 26 сәуірі күні2-4 сынып оқушылары арасында  қалалық «Бала Абай» байқауынөткізеді.

   Міндеттері:

— дарынды жас оқушыларды қолдау;

— бастауыш сынып оқушыларының көркем әдебиет туындыларын оқуға  деген ынтасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту;

     — өлеңді мәнерлеп жатқа айту арқылы есте сақтау, жаттау қабілеттерін дамыту;

     — сахнада жүру және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 2-4 сынып оқушылары қатысады (2-сыныптан 1 оқушы, 3-сыныптан 1 оқушы, 4-сыныптан 1 оқушы):

  • «Толғауы тоқсан қызыл тіл…» шешендік өнер сайысы (2-сынып оқушыларына);
  • «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда» Абай аудармаларын жатқа айту сайысы (3-сынып оқушыларына);
  • «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» ақын өлеңдерін жатқа айту (4-сынып оқушыларына).

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!