Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы зертханасы бойынша  мектеп оқушылары арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» ауызша командалық  олимпиадасы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Б. Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясымен бірлесіп 2024 жылдың  20 сәуір күні Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы зертханасы бойынша  мектеп оқушылары арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» ауызша командалық  олимпиадасын (әрі қарай – Олимпиада)  өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың жалпы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, қазақ әдебиеті, тарих, математика) бойынша бәсекелесе алу қабілетіне жол ашу,  дарынды балалардың ғылыми-танымдық белсенділігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды саралай, бағалай білуге баулу.

          Өтетін орны: Б. Майлин атындағы №52 МГ (Бурабай көшесі 38).

          Тіркелу уақыты: сағ. 08:00-08:45.

          Басталу уақыты: 09:00.