Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2024» I Республикалық робототехника фестивалінің қалалық кезеңі өтеді

Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылы 21 сәуірде                  №9 «Зерде» мамандандырылған лицейініңбазасындаӘлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2024» I Республикалық робототехника фестивалінің  қалалық кезеңін өткізеді.

         Құрама команданың екі өкілі өз роботымен фестивальдің жекелеген санаттарына қатысады. Бұл екі қатысушы іріктеу фестивалінің тек бір санатына бір роботпен, бір жобамен қатысатын команда. Команданың өз атауы болуы қажет.

         Командаға әкімшілік басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті тұлға                   (18 және одан жоғары) фестивальді ұйымдастырушылар мен басқа да ұйымдардың алдында команданың мүддесін қорғайды, сондай-ақ команда мүшелерінің тәртібін бақылайды және талапқа сай әрекет етуіне жауапты болады.  Құрама команданың жетекшісі фестиваль жарыстарына тікелей қатыса алмайды.

Өтетін орны: Астана қаласы, Төле би көшесі, 26,  №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі.

Басталуы: сағат 09.00.

Байланыс телефоны: ұялы тел.:+ 7 778 888 49-44 (WhatsApp)

          Жарыстың ресми сайты: http://robozerde.kz/ сондай-ақ, Telegram арнасы бар.