ІІІ «Бестемше» қалалық ұлттық ойыны жарысының қорытындысы

       «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Астана қаласы тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесе отырып  аудандық кезеңнің  15 жеңімпаз-жүлдегер арасында қалалық  «Бестемше» ұлттық ойыны жарысын 2024 жылдың наурыз айының 15 күні№5 «Ақбота» балабақшасында өткізді.

      Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы және халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылардың, тоғызқұмалақтан халықаралық дамыту дәрежедегі спорт шеберлерінің төрелік етуімен ІІІ «Бестемше» қалалық ұлттық ойын жарысы        4 аймаққа бөлініп, 6 айналымда швейцар жүйесінде  ұйымдастырылды.

Қатысушылары арасында жүлделі орындар иегері атағына қызу тартысты ойын өтті. 

     Төрешілердің шешімімен І дәрежелі диплом (алтын медаль)  №47 «Ақ желкен»

балабақшасы тәрбиеленушісінің еншісіне тисе, ІІ дәрежелі дипломды  (күміс медаль) №67 «Шұғыла»  және №25 «Таңшолпан» балабақшасы тәрбиеленушілері иеленді, ІІІ дәрежелі дипломды (қола медаль) №1 «Бәйтерек», №5 «Ақбота», №70 «Құлыншақ» балабашасы тәрбиеленушілері бөлісті.

       Сонымен қатар ынталандыру грамотасы  №69 «Еркемай», №37 «Арман», №7 «Аққу», №87 «Қадыр», №84 «Кәусар», №29 «Ақ қайың» ,№11 «Гауһар», №65 «бал бала», №92 «Жауқазын» балабақшасы тәрбиеленушілеріне тапсырылды.

     Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін  Жолбарысова Мөлдір Айткалиевна басшылық етіп отырған №5 «Ақбота» балабақшасының ұжымына алғысымызды білдіреміз.

   Қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!