ІІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңі қорытындысы

        «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және анықтау орталығы Астана қаласы Тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесе отырып мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі  мектепалды топтары арасында ІІІ қалалық «Бестемше»  ұлттық ойыны жарысының аудандық  кезеңін 2024 жылдың наурыз айының 13-14 күндері №67 «Шұғыла» (Алматы/Есіл аудандары) және №69 «Еркемай» (Байқоңыр/Нұра,Сарыарқа) балабақшаларында өткізді.

      Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы және халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылардың, сонымен қатар тоғызқұмалақтан спорт шеберлерінің төрелік етуімен ІІІ «Бестемше» ұлттық ойын жарысы бірнеше айналымда олимпиадалық және швейцар жүйесімен бағаланды.

     ІІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойын жарысының аудандық кезеңіне қатысқан                 33 тәрбиеленушінің 19-ы жеңімпаз–жүлдегерлер қатарынан көрінді:

Алматы ауданы бойынша:

І орын -1 (№47 «Ақ желкен» б/б)

ІІ орын -2 (№67 «Шұғыла» б/б, №37 «Арман»б/б)

ІІІ орын – 3 (№69 «Еркемай» б/б, №79 «Шабыт» б/б,№7 «Аққу»б/б)

Грамота – 5 (№8 «Думан» б/б, №49 «Алтынай» б/б, №42 «Бәйшешек»б /б, №71 «Мөлдір б/б, №59 «Аққанат» б/б)

Сарыарқа ауданы бойынша:

І орын – 1 (№25 «Таңшолпан» б/б)

ІІ орын – 2 (№65 «Бал бала» б/б, №41 «балдырған» б/б)

ІІІ орын – 3 (№29 «Ақ қайың» б/б, №11”Гауһар” б/б, №5 «Ақбота» б/б)          

Грамота – 8 (№22 «Әлем» б/б, №52 «Еркетай» б/б, №3 «Күншуақ» б/б, №6 «Көктем», №61 «Шолпан» б/б, №39 «Меруерт» б/б, №96 «Аяла» б/б, №85 «Мейіржан» б/б)

Есіл ауданы бойынша:

І орын – 1(№87 «Қадыр» б/б)

ІІ орын – 1(№84 «Кәусар» б/б)

ІІІ орын -1 (ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» б/б)

Грамота – 1 (№76 «Әдемі» б/б)

Байқоңыр бойынша:

І орын – 1 (№1 «Бәйтерек» б/б)

Нұра бойынша:

І орын – 1(№70 «Құлыншақ» б/б)

ІІ орын – 1(№92 «Жауқазын» б/б)

ІІІ орын -1 (№91 «Еңлік» б/б)

     Ендігі кезекте І,ІІ,ІІІ орын иегерлері наурыз айының 15 күні №5 «Ақбота» балабақшасында ұйымдастырылатын финалда өзара сайысқа түседі.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!