Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына іріктеудің қорытындысы

    Мемлекеттік мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі мектепалды топтары арасында «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына вокал (жеке және топтық), хореография, балалар музыкалық аспаптарында ойнау номинациялары бойынша қазылар алқасының іріктеу жұмысы  2023 жылдың 13 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында ұйымдастырылды.

           «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына алдын ала тіркеуден өткен өнерпаздардың 153 бейнематериалы, оның ішінде, 36 би тобы, 63 вокалдық топ, 26 жеке вокал және 28 балалар музыкалық аспаптарында шығарма орындаушылар қаралып, бүлдіршіндердің шығармашық қабілеттері сараланды.

          Байқаудың төрт номинациясы бойынша іріктеуден өткен 56 өнер шығармасымен өнерпаздар қараша айының 17-сі күні М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында жүлделі сайысқа түседі.

       Кішкентай өнер иелеріне сәттілік тілейміз!