«Ойлан тап!» математика олимпиадасы

2025 жылы 11–14 мамыр аралығында Тараз қаласында академик М. Өтелбаев атындағы 7–8 сынып оқушыларына арналған республикалық «Ойлан тап!» математика олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты — оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету.

Іс-шараға еліміздің барлық облыстарынан келген оқушылар қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.

Астана қаласы атынан 7 оқушы қатысып, олардың 5-еуі жүлдегер атанды.
Олар:

?Күміс медаль иегерлері:

— Ержан Ертөре (8-сынып, Дарынды ер балаларға арналған “Білім-инновация” лицей-интернаты)
— Шынарбек Ерасыл (8-сынып, №9 “Зерде” мамандандырылған лицей)
— Төлебай Нұрбек (7-сынып, №9 “Зерде” мамандандырылған лицей)
— Сүлеймен Қасымжомарт (7-сынып, А. Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі)

?Қола медаль иегері:

— Абдуғали Әмина (7-сынып, Дарынды қыз балаларға арналған “Білім-инновация” лицей-интернаты)

Барлық қатысушылар мен олардың жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз. Олимпиада барысында көрсеткен білімдері, ынтасы мен табандылығы үшін шын жүректен құттықтаймыз!