Жаратылыстану-математика бағыты бойынша XVIII Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі ертең, 18 қараша күні басталады.

2025 жылғы 18 қараша күні жаратылыстану-математика бағыты бойынша XVIII Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі басталады. Бұл – еліміздің ең дарынды түлектерінің білімін саралайтын жоғары деңгейлі зияткерлік олимпиада.

Өтетін орны:
№100 жалпы білім беретін мектеп
Е 535 көшесі, 1

Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Республикалық немесе халықаралық пәндік олимпиадаларға бұған дейін қатыспаған 11–12 сынып оқушылары ғана қатыса алады. Аталған талап жаңа есімдер мен жаңа таланттарды анықтауға бағытталған.

Олимпиаданың құрылымы:
Әрбір қатысушы келесі төрт пән бойынша тапсырмалар орындайды:

  • математика
  • физика
  • химия
  • биология

Өткізу кестесі:

  • I тур: математика, химия – 18.11.2025 ж.;
  • II тур: физика, биология – 19.11.2025 ж.;
  • Апелляция: 20.11.2025 ж., 09:00–18:00.

Қажетті құжат:

  • фото/бейнетүсірілім жүргізуге келісім.

https://www.instagram.com/p/DRJcUnADNOW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==