Жаратылыстану-математика бағыты бойынша XVIII Президенттік олимпиаданың I туры өз мәресіне жетті.
Бүгін қатысушылар математика және химия пәндері бойынша күрделі тапсырмаларды орындап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Өту орны:
№100 жалпы білім беретін мектеп (Е 535 көшесі, 1)
Ертең II тур өтеді, қатысушылар физика және биология пәндері бойынша өз білімін сынайды. Барлық қатысушылардан уақытылы келу және қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды алдын ала дайындау сұралады.
Аппеляция күні:
20 қараша, сағ. 09:00–18:00
Бүгінгі күн — тек бастамасы. Қатысушылардың ынтасы, сабыры және академиялық адалдығы ертеңгі нәтижелерге сенім береді. Біз әр оқушының мүмкіндігін жоғары бағалаймыз және II турда жаңа деңгейдегі жетістіктер күтеміз.
https://www.instagram.com/p/DRMzU_IDPzO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==