2025 жылдың 4–5 желтоқсан күндері Алматы қаласында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы өтеді. Конкурс педагогтардың кәсіби дамуын қолдауға және білім сапасын арттыруға бағытталған.
Конкурстың мақсаты – оқу пәндері, элективтік және арнайы курстар бойынша авторлық бағдарламаларды әзірлейтін педагогтардың озық тәжірибесін анықтау және тарату, сондай-ақ инновациялық оқыту әдістерін білім беру жүйесіне енгізуге ықпал ету.
Конкурсқа елордалық 16 білім беру ұйымынан қалалық кезеңнің 17 жеңімпазы қатысады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!
https://www.instagram.com/p/DR1v-rWjONE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==