«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы өтті

2025 жылдың 4–5 желтоқсан күндері Алматы қаласы білім мен тәжірибенің, идея мен шабыттың тоғысқан алаңына айналды. Бұл күндері педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және білім сапасын арттыру мақсатында дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы өтті.


📌Конкурстың басты мақсаты – оқу пәндері мен элективті курстар бойынша ең үздік авторлық бағдарламаларды әзірлеген педагогтердің тәжірибесін кеңінен насихаттап, білім беру жүйесіне жаңашыл әдістерді енгізуге жол ашу.


Астана қаласының атынан қалалық кезеңнің жеңімпаз педагогтері қатысып, білім берудегі менеджменттен бастап, гуманитарлық, жаратылыстану, эстетика және қосымша білім салаларына дейінгі бірнеше бағыт бойынша өз авторлық бағдарламаларын жоғары деңгейде қорғап шықты.


Байқауға қатысқан мекемелер қатарында:
№6 гимназия, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, №83 және №87 мектеп-гимназиялары, №90 гимназия, №92 мектеп-лицейі, №97 мектеп-гимназиясы, №101 жалпы білім беру мектебі, BINOM SCHOOL мектеп-лицейлері (Ахмет Байтұрсынов, Қаныш Сәтбаев, Ыбырай Алтынсарин, Қадыр Мырза Әлі), Экономикалық лицей, Tamos Space School, №5 «Ақбота» балабақшасы, №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы және басқа да білім беру ұйымдарының үздік педагогтері бар.


Жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!


🥇І орын -2 (№101 жалпы білім беру мектебі, №5 «Ақбота» балабақшасы);
🥈ІІ орын -5 (№6 гимназия, №90 гимназиясы, №97 мектеп-гимназиясы, Экономикалық лицейі, №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы);
🥉ІІІ орын -5 (№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, Ахмет Байтұрсынов атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, №83 мектеп-гимназиясы, №87 мектеп-гимназиясы);
Грамота -3 (№6 гимназия, Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, Tamos Space School).
Бұл жетістік – педагогтердің өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі!
Олардың шығармашылығы мен жаңашылдыққа деген ұмтылысы еліміздің білім беру саласына серпін сыйлайтыны сөзсіз. Еңбектеріңіз жемісті болсын!