«Skillset AI Hackathon 2025»

? «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «AZ GROUP» ЖШС білім беру компаниясымен бірлесе отырып 2025 жылдың 17-18 мамыр күндері «Skillset AI Hackathon 2025» – Жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдануға арналған республикалық AI хакатонын өткізетінін хабарлайды.

? Мақсаты:
Оқушылардың жасанды интеллект саласындағы бәсекеге қабілетті зерттеу әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.

? Өткізу мерзімі:
2025 ж., 17 -18 мамыр күндері

? Хактонның қорытынды кезеңі аралас форматта – офлайн және онлайн режимде өтеді:
Оффлайн алаңның мекенжайы:
Астана қ., Бауыржан Момышұлы даңғылы 2/3, «SKILLSET SCHOOL» цифрлық технологиялар мектебі.

⏱ Хакатон ұзақтығы:
2025 жылдың 17 мамырда сағат 10:00-ден басталып,
18 мамырда сағат 10:00-ге дейін, 24 сағатқа созылады.

? 17 мамыр (сенбі) – Жобаларды әзірлеу:

  • 10:00 – 18:00: Мектептегі офлайн іс-шаралар (жобалармен жұмыс, консультациялар)
  • 18:00 – 10:00 (18 мамыр): Онлайн түрде — жобаны әзірлеуді жалғастыру (қатысушылар қашықтан, өздеріне ыңғайлы ортада жұмыс істейді)

? Қорытынды тапсырманы тапсыру:
Онлайн-нысан арқылы 18 мамыр сағат 10:00-ден кешіктірілмей жүргізіледі (GMT +5).

? 18 мамыр (жексенбі) – Жобаларды қорғау:

  • Күні мен уақыты: 18 мамыр 11:00-ден 14:00-ге дейін (GMT +5)

ℹ️ Байқау туралы қажетті мәліметтерді мына мекенжайдан білуге болады:
Астана қ., Бауыржан Момышұлы даңғылы 2/3, «SKILLSET SCHOOL» цифрлық технологиялар мектебі.

? Хакатон сайты – іс-шараның ресми ақпараттық ресурсы:
https://skillset-ai-hackathon.onrender.com

? Жауапты тұлға:
87052185893 – Рахимова Акмарал Маратовна