«ШЫҢ» қашықтық олимпиадасы басталды

Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылдың 1 наурызы мен 1 мамыры аралығында 2–11 сынып оқушыларына арналған «ШЫҢ» қашықтық олимпиадасын өткізеді.

Олимпиадаға қатысу ерікті.

Олимпиаданың мақсаты – талантты және дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, оқушылардың пәндік және функционалдық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ оқу пәндеріне тұрақты қызығушылық қалыптастыру.

Тапсырмалар келесі пәндер бойынша тест форматында ұсынылады: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс мектептеріндегі қазақ тілі, орыс тілі, орыс әдебиеті, қазақ мектептеріндегі орыс тілі, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану, география, информатика, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері.

Олимпиаданың ережесі мен нұсқаулығы келесі сілтеме арқылы қолжетімді:
https://drive.google.com/drive/folders/1BTEcwFr0nw361C5YFhIjjDvmg0taZ9lG

Қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы тіркелу қажет:
https://app.oqylyq.kz/register/astana-daryny-2026-03-01

Тіркелгеннен кейін қатысушы бірден тапсырмалар бетіне өтеді. Тіркелу кезінде жеке электронды пошта мекенжайын қолдану қажет.

Олимпиаданың басталуы — 2026 жылғы 1 наурыз (00:00),
аяқталуы — 2026 жылғы 1 мамыр (23:59).

Байланыс нөмірлері: +7 775 635 0410, +7 776 388 3388

https://www.instagram.com/reel/DWrMxdjiMnw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==