Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылы 11 қарашада білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қалалық кезеңін өткізді.
Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясының базасында байқау келесі номинациялар бойынша өтті:
- «Ілияс – эпик ақын» – шығарманы жалғастыру;
- «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» – жас ақындар;
- «Ілияс – қарасөз шебері» – көркемсөз оқу;
- «Сұлу сөздің сүлейі» – шығарманың көркемдік құрылысын талдау;
- «Заманның заңғар тұлғасы» – буктрейлер.
Байқауға елорданың білім беру мекемелерінен 90 үміткер қатысты.
Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауына жолдама алған оқушылар:
- «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» – жас ақындар номинациясы: АҚАТ Қимас, №38 мектеп-лицейі, 10-сынып
- «Ілияс – қарасөз шебері» – көркемсөз оқу номинациясы: СЕРІК Нұрай, №87 мектеп-гимназиясы, 10-сынып
- «Сұлу сөздің сүлейі» – шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясы: САПАРХАН Інжу, №87 мектеп-гимназиясы, 8-сынып
- «Заманның заңғар тұлғасы» – буктрейлер номинациясы: ҚЫПШАҚ Нұрболат, Қ. Мырза Әлі ат. Binom School мектеп-лицейі, 8-сынып
Жеңімпаздарға республикалық конкурста сәттілік тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DQ6a1GBjK4D/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==