Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасында сәтті өнер көрсетті!

 Қазақстан құрама командасы Софияда (Болгария) 2025 жылдың 13-17 маусымы аралығында өткен Еуропалық физика олимпиадасында (EuPhO) еліміздің намысын абыроймен қорғағанын мақтанышпен хабарлаймыз.
 Жүлдегерлер қатарында елордалық зияткер – «Nurorda» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Төлеубаев Даниэль бар. Ол осы беделді халықаралық жарыста физика саласындағы ерекше білімі мен дағдыларын көрсетіп, қола медаль жеңіп алды!

Даниэльді жоғары жетістігімен құттықтаймыз! Оның жетістігі – қазақстандық оқушылардың таланты мен қажырлы еңбегінің, сондай-ақ елордалық білім беру мекемелеріндегі дайындық деңгейінің жарқын дәлелі.
Біз жас дарынымызды мақтан тұтамыз және оған келешекте жеңістер мен табыстар тілейміз!