Бүгін Тайваньның Тайбэй қаласында мектеп оқушыларына арналған Лингвистикадан халықаралық олимпиаданың (International Linguistics Olympiad, IOL) салтанатты ашылуы өтті. Аталған зияткерлік дода 2025 жылдың 21–26 шілде аралығында ұйымдастырылып, әлемнің 47 елінен 400-ден астам дарынды оқушыны біріктірді.
Биылғы беделді халықаралық додада Қазақстанның намысын ұлттық құрама сапында Астана қаласындағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Серікова Зере қорғауда.
IOL – теориялық, математикалық және қолданбалы лингвистика салалары бойынша мектеп оқушыларына арналған жыл сайынғы халықаралық олимпиада. Бағдарлама жеке және командалық кезеңдерден тұрады. Жеке турда қатысушылар бес күрделі лингвистикалық тапсырманы жазбаша түрде орындайды. Командалық кезеңде барлық қатысушы бірлесе отырып, кешенді тапсырманы шешеді. Олимпиада тапсырмалары жоғары деңгейдегі логикалық ойлау қабілетін, зейінділікті және интеллектуалдық төзімділікті талап етеді.
Жас дарынға сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз! ????