QarzhySkill чемпионатының мектептік іріктеу кезеңі жалғасуда

Құрметті мектеп оқушылары!

QarzhySkill чемпионатының мектептік іріктеу кезеңі жалғасып жатыр. Қаржылық қауіпсіздік тақырыбында бейнеролик түсіріп, өз біліміңізді, креативті ойлауыңызды және заманауи қаржылық мәселелерді түсіну деңгейіңізді көрсетуге шақырамыз.

Бұл чемпионат – тек жарыс қана емес, қаржылық сауаттылықты тереңдетуге, күнделікті өмірде қажет дағдыларды қалыптастыруға және өз идеяңызды жаңа форматта ұсынуға мүмкіндік беретін тиімді алаң.
Қатысу арқылы сіз:
– қаржылық қауіп-қатерлерді тануға және олардан қорғану жолдарын үйренесіз;
– бейнеролик түсіру дағдыңызды дамытасыз;
– мектепішілік кезеңнен өтіп, келесі сатыларда бақ сынау мүмкіндігіне ие боласыз.

Белсенділік танытып, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Өз ойыңызды ашық жеткізіп, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін дамытуға үлес қосыңыз!

https://www.instagram.com/reel/DRwhUM7DJQ1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==