Қарағандыда интеллектуалдық пен сөз өнерінің салтанатына айналған пәндік олимпиада өз мәресіне жетті!

2025 жылдың 7-11 сәуір аралығында Қарағанды қаласында қазақ мектептеріндегі орыс тілі және орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті.
 Елордалық команданың намысын қалалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен құралған 8 қатысушы қорғады.

Жоғары нәтиже мен эрудицияны көрсете білген Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom School 10- сынып оқушысы Нұрмағанбет Әдемі (қазақ мектептеріндегі орыс тілі) және №6 гимназияның 10- сынып оқушысы Соболева Ярослава (орыс тілі мен әдебиеті) лайықты бірінші орынды иеленді.
Екінші орынды: БИЛ (қыздар) 10- сынып оқушысы Бекмағамбетова Ания және Сәтбаев атындағы Binom School 11- сынып оқушысы Қайрат Мәлика (қазақ мектептеріндегі орыс тілі) қанжығасына байлады.
Ал үшінші жүлделі орынды №31 МГ 11- сынып оқушысы Қалиева Дамелия мен №30 МГ 10 – сынып оқушысы Кибина Анастасия (орыс тілі мен әдебиеті) бөлісті. Олардың қажырлы еңбектері лайықты марапатқа жеткізді.
Бұл астаналық жас жеңімпаздар ойдағы мақсат және бойдағы талантпен кез келген шыңды бағындыруға болатынын жарқын жеңістерімен дәлелдеді!
Жарайсыңдар, жас дарындар! Биік белестерді бағындыра беріңдер!