Қалалық Қайым байқауы


«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясымен бірлесе отырып, 2025 жылдың 25 сәуір күні 8-10 сынып оқушылары арасында 1940 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог, Семей қаласындағы Абай мұражайының негізін қалаушы (1940), Қазақ КСР-і Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы Қайым Мұхамедхановқа арналған қалалық Қайым байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізетінін хабарлайды.
Байқау мемлекеттік тілде өтеді.
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушыларын ғалымның тарихи және әдеби мұрасымен таныстыру, әдеби тіл байлығын кеңейту, көркем сөз оқу шеберлігін арттыру, шығармаларының рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру..
Байқау 4 номинациядан тұрады:
• «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» – Қайым Мұхамедхановтың
шығармаларын жатқа оқу номинациясы;
• «Қауырсын қалам» – жас ақындар номинациясы;
• «Қайраткер Қайым болмысы» – эссе жазу номинациясы;
• «Абайдың інісі, Алаштың ірісі» – Қ. Мұхамедхановтың
шығармалары бойынша буктрейлер жасау номинациясы:

Өтетін орны: Астана қаласы, Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия (Қорғалжын көшесі, 37/1).
Басталуы: сағат 09.00.
Тіркеу: сағат 8.30 – 9.00.
Байқау туралы қажетті мәліметтерді мына мекенжайдан білуге болады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 33, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, ұ.т.87014557612�