Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылдың 1 наурызы мен 1 мамыры аралығында бастауыш сынып және жалпы білім беретін пәндер мұғалімдеріне арналған «ПедОлимп» қашықтық олимпиадасын өткізеді.
Олимпиадаға қатысу ерікті.
Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып және жалпы білім беретін пәндер мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, практикалық дағдыларын дамыту, оқу үдерісіне заманауи тәсілдерді енгізу, сондай-ақ өз жұмысында жоғары нәтижелер көрсеткен педагогтерді ынталандыру.
Олимпиаданың ережесі мен нұсқаулығы келесі сілтеме арқылы қолжетімді:
https://drive.google.com/drive/folders/1zV10c7AuszVqrIdmM5okLcRt-M6cqlYt?usp=sharing
Қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы тіркелу қажет:
https://app.oqylyq.kz/register/astana-daryny-pedolimpastdrn2026
Тіркелгеннен кейін қатысушы бірден тапсырмалар бетіне өтеді. Тіркелу кезінде жеке электронды пошта мекенжайын қолдану қажет.
Олимпиаданың басталуы — 2026 жылғы 1 наурыз (00:00),
аяқталуы — 2026 жылғы 1 мамыр (23:59).
Ескерту: тіркелу кезінде 2–4 сыныптарды тек бастауыш сынып жетекшілері таңдайды, ал пән мұғалімдері 5–11 сыныптарды таңдауы қажет.
https://www.instagram.com/reel/DWrM7WpiNXo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==