Ө. Жолдасбеков атындағы 11(12)-сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы

🏆 Ө. Жолдасбеков атындағы 11(12)-сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы 2025 жылдың 11-13 наурыз күндері аралығында өтті. Конкурсқа 🇹🇯 Тәжікстан, 🇷🇺 Ресей, 🇧🇾 Беларус мемлекеттерінен оқушылар қатысты.

🌟 Халықаралық конкурста Астана қаласының 11-сынып оқушылары үш қола медаль жеңіп алды:

Механика секциясы бойынша №38 МЛ Булатова Алуа, Сыпабек Ұлықбек — 🥉 ІІІ орын;

Қолданбалы математика секциясы бойынша №77 МГ Әуезхан Амина, №93 МЛ Сүлеймен Ханзере — 🥉 ІІІ орын.

🎉 Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! 👏