Астана Дарыны

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

flag

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – тікбұрышты көгілдір түсті мата. Тудың ортасында – күн бейнеленген, оның астында қалықтап ұшқан дала бүркіті орналасқан. Тудың сабы жағында ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ бар. Күн, оның шапағы, бүркіт және ою-өрнек алтын түстес. Ту ұзындығы мен ені арасындағы қатынас – 1:2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

gerb
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – шеңбер пішіндес. Оның ортасында көгілдір фонда шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтан жан-жаққа күн сәулесі іспеттес уықтар тарайды. Елтаңбаның оң және сол жағында – мифологиялық қанатты тұлпарлар бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде – “Қазақстан” деген жазу бар. Жұлдыз, шаңырақ, уықтар, қанатты тұлпарлар мен жазу алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

gimn

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарас қан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным