Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Интеллектум» қалалық интеллектуалды-дамыту ойындары байқауының қорытындысы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылдың 10 желтоқсанында «Интеллектум» орталығымен бірлесіп мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Интеллектум» қалалық интеллектуалды-дамыту ойындары байқауын әл Фараби атындағы Оқушылар сарайында ұйымдастырып өткізді.

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дамытушы ойындардың маңызын айқындап, оларды оқу-тәрбие үдерісінде қолдану ерекшеліктерін белгілеу.
Байқауға барлығы 20 топтан 60 тәрбиеленуші қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды.
І орын: 4 (№37 “Арман”, №60 “Арай”, №86 “Зияткер”, «Intellectum Bala»)
ІІ орын: 4 (№32 “Балдәурен”, №69 “Еркем-ай”, №82 “Айару”, “NaNu” ЖШС “Ақ ниет-1” «Көгершін тобы»)
ІІІ орын: 3 (№41 “Балдырған”, №72 “Жанарым”, «BalaHi»)
Грамота: 4 (№38 “Шаттық”, №56 “Береке”, №78 “Асыл”, “NaNu” ЖШС “Ақ ниет” «Қарлығаш» тобы)
Жеңімпаз бен жүлдегерлер қатарында көрінген балабақшалар тобына дипломдар мен медаль және «Интеллектум» орталығынан сыйлықтар табысталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

https://www.instagram.com/p/DSNnpabDFnZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==