Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Бескеней» қалалық ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Астана қаласы «Асық ойыны» федерациясы қоғамдық бірлестігінің қолдауымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мектепалды топтары арасында «Бескеней» қалалық ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңін өткізеді.

Өтетін күні: 2026 жылғы 6 сәуір

Мақсаты: қарапайым ережелер арқылы балаларға асықты ұстауды үйрету, саусақ сезімталдығын дамыту, сондай-ақ олардың бойында ұстамдылық пен дәлдік қасиеттерін қалыптастыру.

Жарыс ережеге сәйкес екі кезеңде өткізіледі.

Аудандық кезең өткізілетін орындар:

  • №70 «Құлыншақ» балабақшасы (Ш. Айтматов көшесі, 36/3) – Сарайшық, Сарыарқа, Байқоңыр аудандары;
  • №88 «Баян-Сұлу» балабақшасы (Қыз Жібек көшесі, 40А) – Алматы, Нұра, Есіл аудандары.

Қалалық кезең:
2026 жылғы 8 сәуірде №70 «Құлыншақ» балабақшасында (Ш. Айтматов көшесі, 36/3) өтеді.

Тіркелу уақыты: 08:00–08:30
Басталу уақыты: 09:00

Қатысушыларға сәттілік тілейміз.

https://www.instagram.com/p/DWq_An6DIIT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==