2026 жылдың 3 сәуірінде Астана қаласы №119 жалпы орта білім беру мектебі базасында білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің математиканы оқытудағы кәсіби шеберлігін жетілдіру және оқушылардың математикалық дайындығының сапасын арттыру.
Аталған іс-шараға 107 педагог қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:
І орын – 4 педагог,
ІІ орын – 16 педагог,
ІІІ орын – 26 педагог,
грамота – 10 педагог.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз.