«М.О. Әуезовтің рухани шәкірттері» атты аймақтық ғылыми жобалар байқауы

2025 жылы 23 сәуірде сағат 9:00-де №86 мектеп базасында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «М.О. Әуезовтің рухани шәкірттері» атты аймақтық ғылыми жобалар байқауын өткізеді. Байқаудың мақсаты – мектеп оқушыларын Мұхтар Әуезовтің әдеби мұрасымен терең таныстыру, оны насихаттау мен зерттеу, ғылыми ізденістерін дамыту, әдеби тіл байлығын арттыру және жазушы шығармашылығындағы рухани құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру.