«JasSkills Astana 2025» қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты«Мейрамханалық сервис» құзыреттілігі

Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні жалпы білім беру мектептерінің 8–10 сынып (14–16 жас) оқушылары арасында «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «JasSkills Astana 2025» қалалық чемпионатының «Мейрамхана қызметі» құзыреттілігі бойынша сайысы өтті.

Астана қаласы әкімдігі Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің «Құзыреттілік орталығында» өткен чемпионатқа 4 елордалық оқушы қатысты:
1. Серік Ақбота– №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі;
2. Мырзадаулет Адина – №111 орта мектебі;
3. Искакова Мерей – №38 мектеп-лицейі;

  1. Макатова Сания- №60 мектеп-лицей.

Қатысушылар чемпионат барысында 3 тапсырма орындады.

Қатысушылардың жұмысын тәуелсіз сарапшылар бақылап, бағалады. «Мейрамхана қызметі» құзыреттілігі бойынша чемпионаттың қорытындысы 2 маусым күні өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады.

https://www.instagram.com/p/DJ2vAg7Ccs9