IX Аймақтық жас математиктер турнирі

2022 жылғы 25-28 сәуір күндері «Математикалық шайқас» жас математиктер турнирі өтті. Турнир ұйымдастырушылары Павлодар қаласының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы. Турнирге елордалық команданың құрамында мамандандырылған мектептерден 5 команда үлес қосты: Дарынды ер балаларға арналған “Білім-инновация лицейі” екі командасы, “NURORDA” лицейі мен №9 “Зерде” және №82 “Дарын” мамандандырылған мектептерінің құрама командалары.

Елордалық командалар жақсы нәтиже көрсетіп, лайықты марапатқа ие болды. ІІІ орынды екінші лигада (№82 «Дарын» және БИЛ(ер)), ІІ орын бірінші лигада (БИЛ(ер) және “NURORDA” МЛ ), І орын екінші лигада (№9 “Зерде” мамандандырылған мектебі) Жас математиктерді жеңісімен құттықтаймыз!