IV«Бестемше» қалалық ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңі

        «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және анықтау орталығы Астана қаласы Тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесе отырып мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі  мектепалды топтары арасында ІV «Бестемше» қалалық ұлттық ойыны жарысының аудандық  кезеңін 2025 жылдың наурыз айының 11-12 күндері №67 «Шұғыла» (Алматы/Есіл/Сарайшық аудандары) және №69 «Еркемай» (Байқоңыр/Нұра/Сарыарқа) балабақшаларында өткізді.

      Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы және халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылардың, сонымен қатар тоғызқұмалақтан спорт шеберлерінің төрелік етуімен ІV «Бестемше» ұлттық ойын жарысы бірнеше айналымда олимпиадалық және швейцар жүйесімен бағаланды.

     ІV қалалық «Бестемше» ұлттық ойын жарысының аудандық кезеңіне қатысқан                 60 тәрбиеленушінің 30-ы жеңімпаз–жүлдегерлер қатарынан көрінді:

Алматы ауданы бойынша -12 қатысушы

І орын -1 (№83 «Жансая» б/б)

ІІ орын -2 (№38 «Шаттық» б/б, №37 «Арман»б/б)

ІІІ орын – 3 (№21 «Гүлдер» б/б, №49 «Алтынай» б/б,№79 «Шабыт»б/б)

Грамота – 6 (№8 «Думан» б/б, №36 «Балапан» б/б, №34 «Ақ бтдай»б /б, №24 «Айналайын» б/б, №32 «Балдәурен» б/б, №73 «Аяулым»)

Сарыарқа ауданы бойынша- 17 қатысушы

І орын – 1 (№44 «Үркер» б/б)

ІІ орын – 2 (№5 «Ақбота» б/б, №65 «Бал бала» б/б)

ІІІ орын – 3 (№61 “Шолпан” б/б,№25 «Таңшолпан», №6 «Көктем»б/б)          

Грамота – 11 (№39 “Меруерт” б/б, №45 “Самұрық” б/б, №51 “Алтын сандық” б/б, №85 «Мейіржан» б/б, №29 “Аққайың” б/б, №13 «Тұлпар» б/б, №11 «Гауһар» б/б, №40 «Құлпынай» б/б, №30 «Қайнар» б/б, №52 «Еркетай» б/б, №27 «Балауса» б/б)

Есіл ауданы бойынша – 11 қатысушы

І орын – 1(№82 «Айару» б/б)

ІІ орын – 2(№84 «Кәусар» б/б,№75 «Балалық шақ»)

ІІІ орын -3 (№15 «Дарын»б/б, №87«Қадыр» б/б,№56 «Береке»б/б)

Грамота –5  (№54 «Нұр-ай» б/б, №95 «Алматы» б/б,№76 «Әдемі»б/б,№78 «Асыл» б/б, №77 «Қошақан» б/б)

Нұра ауданы бойынша – 4 қатысушы

І орын – 1 (№70 «Құлыншақ» б/б)

ІІ орын – 1(№86 «Зияткер» б/б)

ІІІ орын – 1 (№92 «Жауқазын» б/б)

Грамота – 1 (№91 «Еңлік» б/б)

Байқоңыр ауданы бойынша – 9 қатысушы

І орын – 1(№17 «Ер Төстік» б/б)

ІІ орын – 2(№94 «Сұңқар» б/б)

ІІІ орын -2 (№18 «Аяжан» б/б, №48 «Ақ көгершін» б/б)

Грамота – 3 (№46 «Самал» б/б, №1 «Бәйтерек» б/б,  №28 «Жұлдыз» б/б)

Сарайшық ауданы бойынша – 7 қатысушы

І орын – 1(№69 «Еркем-Ай» б/б)

ІІ орын – 1(№66 «Толағай» б/б)

ІІІ орын -2 (№67 «Шұғыла» б/б, №60 «Арай» б/б)

Грамота -3 (№42 «Бәйшешек» б/б, №93 «Айгөлек» б/б, №74 «Дәурен» б/б)

     ІV «Бестемше» қалалық ұлттық ойын жарысына І,ІІ,ІІІ орын иегерлері 30 ойыншы наурыз айының 14 күні №5 «Ақбота» балабақшасында ұйымдастырылатын финалда өзара сайысқа түседі.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!