IPhO‑2025 – бұл жай ғана беделді байқау емес, ол – жас дарындарды дамытуға, ғылымды насихаттауға және болашақ физика көшбасшыларының тәжірибе алмасуына арналған нағыз зертхана.
Биыл Франция 80-нен астам елге арналған академиялық, ғылыми және мәдени аясында бай бағдарламаны ұсынып отыр.
IPhO-ның негізгі мақсаты – қатысушылардың терең білімін, аналитикалық ойлауын, сыни көзқарасын және эксперименттік дағдыларын бағалау.
Қазақстанның атынан бұл интеллектуалдық додаға 5 оқушыдан тұратын ұлттық құрама қатысуда.
Олардың ішінде Астанадан шыққан 3 талантты оқушы бар:
Амир Пшенбаев – Spectrum International School-дың 12-сынып оқушысы;
Артур Ким – Spectrum International School-дың 12-сынып оқушысы;
Нургул Егенбергенова – Nurorda лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрады:
Эксперименттік тур: 5 сағаттық зертханалық жұмыс, арнайы құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы.
Теориялық тур: үш бөлімнен тұратын күрделі есептер, уақыты – 5 сағат.
21 шілде күні қатысушылар теориялық бөлім бойынша тапсырмаларды орындады.
Олимпиада 1967 жылы негізі қаланған Халықаралық физика олимпиадалық қоғамының бастамасымен жыл сайын ұйымдастырылады және әр жылы басқа мемлекетте өтеді.
2025 жылы бұл мәртебеге Франция ие болды. Бұл таңдау 2025 жыл – Халықаралық кванттық ғылымдар және технологиялар жылы аясында жасалған.
Қазақстан құрамасына халықаралық аренада сәттілік тілейміз!