2025 жылдың 22 сәуірінде № 99 орта мектепте «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мектеп директорларының бейіндік оқыту бойынша орынбасарларына арналған «Ғылымға жол: жас өнертапқыштардың зерттеулері мен жобалары» семинарын өткізеді.
Семинардың мақсаты – оқушылардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, ғылыми-әдістемелік бағыттағы жұмыстарды жандандыру.
Семинар барысында спикерлер оқушылардың ғылыми жобалары мен зерттеулерін ұйымдастырудағы жұмыстың тиімді әдістерін ұсынады, өз тәжірибелерімен бөліседі.
Семинардың өткізілуі жөнінде қосымша ақпаратты «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының 25-01-69 телефоны арқылы алуға болады.
