Физикадан халықаралық олимпиада (IPhO) өтеді

? 2025 жылдың 17-25 шілде аралығында Францияның Палезо қаласында әлемнің үздік жастары бас қосатын Физикадан халықаралық олимпиада (IPhO) өтеді!
?? Қазақстан атынан бұл беделді додада 5 оқушыдан құралған ұлттық құрама бақ сынайды.
? Құраманың сапында елордамыздың атын шығаратын 3 зияткер оқушы бар:
? Пшенбаев Амир – Spectrum International School, 12-сынып;
? Ким Артур – Spectrum International School, 12-сынып;
? Егенбергенова Нургүл – Nurorda мектеп-лицейі, 10-сынып.

? Бұл – тек білім мен бәсекенің ғана емес, еліміздің абыройын асқақтататын үлкен мүмкіндік!
? Қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!
✨ Біз сенеміз – сіздер ел намысын лайықты қорғайсыздар!