2025 жылдың 16-18 сәуірі күндері аралығында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп 7-8 сынып оқушылары арасында химия-биология пәндері бойынша «KERUEN SCIENCE» республикалық олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға 7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы бойынша жоғары рейтинг көрсеткен оқушылар қатысты.
Бұл ауқымды олимпиадаға Қазақстанның 16 аймағынан 134 оқушы келді: биология пәнінен – 66 оқушы (7-сыныптан – 30, 8 – сыныптан – 36); химия пәнінен – 68 оқушы (7-сыныптан – 33, 8 – сыныптан – 36).
Практикалық тур химия пәнінен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, биология пәнінен №9 Зерде мамандандырылған лицейі базаларында ұйымдастырылды.
Олимпиадалық тапсырмалар оқушыларды қолда бар ақпаратты шығармашылықпен өңдеуге және осы білімді стандартты емес мәселелерді шешуде қолдануға негізделді. Олимпиаданың практикалық бөлігінде мазмұны сапалы немесе сандық түсіндіруді қажет ететін нақты ғылыми эксперименттер берілді.
Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының мәдени бағдарламасы аясында қатысушыларға «AiLand» океанариуміне экскурсия ұйымдастырылды.
Олимпиаданың салтанатты марапаттау рәсімі 18 сәуірде М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында өтті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары, грамоталары және сыйлықтарымен марапатталды:
- биология пәні бойынша (7 сынып):
I орын: 2
II орын: 5
III орын: 7
грамота: 3
- биология пәні бойынша (8 сынып):
I орын: 4
II орын: 4
III орын: 8
грамота: 7
- химия пәні бойынша (7 сынып):
I орын: 3
II орын: 5
III орын: 6
грамота: 6
- химия пәні бойынша (8 сынып):
I орын: 3
II орын: 3
III орын: 8
грамота: 4
Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!