«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық іріктеу кезеңі

2025 жылдың 11 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық іріктеу кезеңін өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты – жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашу, олардың кәсіби және жеке тұрғыда өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, сондай-ақ білім беру жүйесін жетілдіру үдерісінде болашақ мұғалімдердің заманауи кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Өтетін орны: Ж.Жабаев атындағы №4 гимназия (Ш.Айманов көшесі, 3-үй)
Басталу уақыты: 13:00

https://www.instagram.com/p/DQ5KcJJDEO3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==