2025 жылдың 14-16 наурыз күндері Алматы қаласы Шоқан Уалиханов атындағы жеке мектеп базасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті.
Педагогикалық олимпиаданың негізгі мақсаты – жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Аталған Педагогикалық олимпиадаға елордалық 8 білім беру ұйымдарынан (№53 мектеп-лицейі, №95 мектеп-лицейі (2), Әлихан Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, №67 гимназия, ТОО «International School of Nur-Sultan City», №72 мектеп-лицейі, Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі) 9 жас педагогтер, тәлімгерлер, психологтер қатысып, төмендегідай жетістіктерге қол жеткізді:
🥈 ІІ орын – 1 (№95 мектеп-лицейі);
🥉 ІІІ орын – 2 (Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі);
📜 Грамота – 1 (ТОО «International School of Nur-Sultan City», №72 мектеп-лицейі).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!










