«Педагогикалық идеялар панорамасы» қалалық байқауының қорытындысы 

2023 жылдың 21 тамызында № 73 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» қалалық байқауының қорытынды кезеңін өткізді. Мақсаты: мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және озық инновациялық тәжірибені таратуға ықпал ету.Қалалық байқауға қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық бағыттар бойынша мектеп мұғалімдерінің қалалық байқауының іріктеу […]

Астана қаласында психологтардың І Халықаралық форумы басталды

Қоғамның дарынды балаларға деген қызығушылығының жыл сайын артуына байланысты бүгінгі таңда олармен жұмыс істеудегі негізгі мәселелерді қарастыру қажеттігі туындап отыр. Бүгін, 2023 жылғы 15 маусымда Астана қаласында басталған психологтардың І Халықаралық форумы дарынды балалрмен жұмыс істеудің негізгі аспектілерін айқындауға арналды. Екі күнге, 15-16 маусымға жоспарланған Форум жұмысына елорданың білім басқармасының өкілдері, «Астана дарыны» дарынды балалар […]

Жас математик мұғалімдерге арналған олимпиаданың қорытындысы

2023 жылдың 14 сәуірінде № 9 «Зерде» мамандандырылған мектебінде «Астана дарыны» орталығы Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығымен бірлесе отырып жас математик мұғалімдерге арналған олимпиадасын (III шығармашылық байқауды) өткізді.Олимпиаданың мақсаты – ұстаздардың беделін арттыру, кәсіби шеберлігін насихаттау, тәжірибемен алмасу. Олимпиадаға 58 білім беру ұйымынан 111 педагог қатысты. Олимпиадаға қатысушыларға «Астана дарыны» орталығы және Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығының […]

«Жаңа химия оқулықтарын жазу керек пе?»
дөңгелек үстелінің отырысы туралы ақпарат

2023 жылы 5 мамырда Астана қаласы Қ. Сәтпаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің базасында 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының аясында «Жаңа химия оқулықтарын жазу керек пе?» дөңгелек үстелі өтті.Аталған іс-шараның жұмысына елордалық педагог-химиктер, басқа елдерден келген қатысушы командалардың жетекшілері, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, Білім беру мазмұнын сараптау орталығының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және «Астана дарыны» дарынды […]

«Химияны заманауи оқытудағы эксперименттің орны мен рөлі» дөңгелек үстелінің отырысы туралы ақпарат

2023 жылдың 3 мамыр күні «NURORDA» мектеп-лицейінің базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының аясында «Химияны заманауи оқытудағы эксперименттің орны мен рөлі» дөңгелек үстелін өткізді.Елордалық педагог-химиктер дөңгелек үстел отырысына белсенді қатысты.Айта кететін жайт, аталған іс-шараның жұмысына жақын шетелдің, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, Білім беру мазмұнын сараптау орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және […]

«Мұғалім. Жетекшілік ету қуанышы» I Халықаралық жастар форумы аясында өткізілген серіктестік сабақтарға шолу

2023 жылдың 28 сәуірінде № 26 мектеп-гимназиясында (бұдан әрі – мектеп) «Мұғалім. Жетекшілік ету қуанышы» I Халықаралық жастар форумы өтті. Форумның мақсаты – кәсіби өзін-өзі анықтауды сүйемелдеуді және мұғалім мамандығын насихаттауды қамтамасыз ету үшін педагогикалық және оқытушылар мен студенттер қауымдастығын шоғырландыру. Бұл форум Астана қаласы пилоттық мектеп жобасы құрамындағы мектептердің педагогтік сынып бағытындағы оқушылары мен […]

«Олимп шыңына апарар жол» тренинг-семинарлардың қорытындысы

2023 жылдың 27 сәуірінде Қаныш Сатпаев атындағы BINOM SCHOOL және Қадір Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейлерінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы (бұдан әрі – «Астана дарыны» орталығы) химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушыларының республикалық жасөспірімдер олимпиадасы барысында химия, биология пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Олимп шыңына апарар жол» […]

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»
республикалық педагогикалық олимпиадасы қалалық кезеңінің
қорытындысы

2023 жылдың 26 сәуірінде № 8 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді (бұдан әрі – Олимпиада).Мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.Олимпиада […]

Жас математик мұғалімдерге арналған олимпиаданың қорытындысы туралы ақпарат

2023 жылдың 14 сәуірінде № 9 «Зерде» мамандандырылған мектебінде «Астана дарыны» орталығы Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығымен бірлесе отырып жас математик мұғалімдерге арналған олимпиадасын (III шығармашылық байқауды) өткізді. Олимпиаданың мақсаты – ұстаздардың беделін арттыру, кәсіби шеберлігін насихаттау, тәжірибемен алмасу. Олимпиадаға 58 білім беру ұйымынан 110 педагог қатысты. Олимпиадаға қатысушыларға «Астана дарыны» орталығы және Қазақстан математика мұғалімдері […]

«Математикалық регата» республикалық олимпиадасы

2023 жылдың 27-29 наурыз күндері Ақтөбе қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасын өткізді. Конкурстың мақсаты: Педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын, қоғамдағы беделі мен мәртебесін арттыру. Олимпиадаға еліміздің аймақтарынан 23 команда қатысты. Педагогтер математикалық анализ негіздері, алгебра, геометрия және логикалық, комбинаторлық тапсырмаларды орындады. Олимпиадаға […]