«Шет елде білім алудың қолжетімділігі» онлайн-вебинары

«Астана дарыны» ДДжПСО «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 07 сәуір күні сағат 14.00-де шетелде білім алу бойынша жұмыс жүргізетін компания өкілдерінің қатысуымен («GSC STUDY» компаниясы; «Turkey Education» компаниясы; «ЕDUTREND» компаниясы; «Atlas School» мектебі) елорда мектептерінің 11 сынып оқушыларына арналған онлайн-вебинар өткізілді. Аталған вебинар, мектеп түлектері үшін шетелде білім алудың қолжетімді мүмкіндіктері мен […]
Елорда оқушыларының қоржынында 3 алтын «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының қорытындысы

2022 жылдың 29-31 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы қашықтық форматында өтті. Форумға 4 номинация бойынша Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 11-17 жас аралығындағы оқушылары қатысты. Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты […]
«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ 2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

№ Іс-шаралар Мерзімі Өткізілу орны Жауапты маман 1. 7-11 сынып оқушылары мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру ай сайын «Астана дарыны» Карибеков Н. Куатова М. Аубакирова Г. 2. 10-11 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін диагностикалаудың 2 кезеңін және кеңес беру кестесін жасау, нәтижелерін өңдеу, «Qabilet» порталына жүктеу. (офлайн режим) […]
«Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі диагностика және мамандық таңдау бойынша көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда

Нұр-Сұлтан қаласы «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі 7-11 сынып оқушыларының зияткерлік қабілеттерін анықтау мен болашақ түлектің талаптары мен сұраныстарына жауап беретін мамандық және оқу орнын таңдау бойынша көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Осыған орай, оқушылар мен ата-аналар Call-орталықтың 8-(7172)-20-26-83 және 8-(776)-388-33-88 (WhatsApp) нөмірлеріне хабарласу арқылы өздерінің сұраныстарын қалдыра […]
«Qabilet» қызметі – 10-11 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін анықтау ұлттық жүйесі»

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асырылып отырған «Ел Үміті» бастамасы аясында «Qabilet» қызметінің «4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін анықтау» жобасы өз жұмысын жалғастырады.Жоба мақсаты – оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ дарынды балалар мен жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін оларды сүйемелдеу және қолдау […]
«Qabilet» қызметі 10-11 жастағы оқушыларды диагностикалауды бастады!

«Qabilet» қызметі 10-11 жастағы оқушыларды диагностикалауды бастады! «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының «Qabilet» қызметі Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының қолдауымен «Ел Үміті» бастамасын іске асыруда. Осы бастама аясында 10-11 жастағы оқушыларды тестілеуден өтуге және төрт бағыт: сыни ойлау, креативтілік, коммуникация және коллаборация бойынша қабілеттерін анықтауға шақырамыз. Қызмет тегін ұсынылады […]
Кәсіптік бағыт беру

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушыларына арналған «Мамандық таңдауға бір қадам» атты онлайн-вебинарлар ұйымдастырып, өткізді. Вебинар мақсаты 7-8 сынып оқушыларының мамандық таңдау, олардың типтері мен кластары туралы түсініктерін жетілдіру, білімдерін кеңейту болды.2021 жылдың 19-21 мамыры аралығында елорданың Алматы (597 оқушы), Сарырарқа (547 […]
«Мамандық және мансап» онлайн көрмесі

2021 жылдың 14-15 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үздік университеттерінің қатысуымен «Мамандық және мансап» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына арналған онлайн көрме ұйымдастырды. Көрмеде «Астана дарыны» орталығының қызметкерлері «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметінің жұмысы туралы және Қазақстан Республикасы Қарулы […]
«Мамандық және мансап»

ТАЛАПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА! «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «QABILET» кәсіби бағдарлау қызметі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының үздік жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен онлайн-көрме өткізеді. Елорда мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған онлайн-көрме 2021 жылы 14-15 сәуірде сағат 15:00-де ZOOM платформасында өтеді. Сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/88242867718 «Мамандық және мансап» онлайн-көрмесі талапкерлерге дұрыс таңдау жасауға көмектеседі! Үздік ЖОО […]
«Qabilet» кәсіби бағдар беру қызмет бөлімінің 2021 жылға арналған жұмыс ЖОСПАРЫ
№ Іс-шаралар Мерзімі Өткізілу орны Жауапты маман 1. Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру Әр ай сайын «Астана дарыны» Карибеков Н. Мухаметжанова Г. Кабиева Д. Куатова М. 2. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 12 пилоттык мектептерде жүргізілген жұмыс нәтижесін талдау (анализ) Қаңтар «Астана дарыны» Карибеков Н. Мухаметжанова Г. […]